Сенбі, 18 мамыр, 09:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Шаш күтіміне қандай тағамдар пайдалы?

28.01.2024

374 0

Сурет:gazeta.ru

Трихолог, косметолог Екатерина Титушкина шаштың күйін жақсарту үшін ақуызға бай тағамдарды, соның ішінде балық пен етті жеуге кеңес береді, – деп хабарлайды gazeta.ru

Ақуызға бай өнімдер, әсіресе, жұмыртқа, балық, ет, бұршақ дақылдары ағзаны шаштың өсуін тездететін аминқышқылдарымен қамтамасыз етеді. Темір де шаштың өсуіне оң әсер етеді екен. Ол бауырда, сиыр етінде, теңіз өнімдерінде және қарақұмықта көп болады.

Дәрігер шашының жағдайын жақсартқысы келетіндерге құрамында кремний мен селен бар саңырауқұлақтар мен сарымсақты да жеуге кеңес берді.

«Зәйтүн майы, теңіз балдыры, бұршақ дақылдары, зәйтүн, кокос, пісте және кешьюде көптеген селен бар», – дейді ол.

В дәрумендері мен антиоксиданттар, С дәрумені шашқа оң әсер етеді екен. Оларды жержаңғақ, болгар бұрышы, брокколи, цитрус жемістері, шпинат және қырыққабаттан алуға болады.

Трихолог майлы қызыл балық пен чиа тұқымында кездесетін омега-3 май қышқылдарын да тұтынуға кеңес берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: