Бейсенбі, 08 желтоқсан, 10:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97 (1901)
06.12.2022
PDF мұрағаты

Қосшыңырауда ілкімді істер көп

24.11.2022

355 0

Соңғы жылдары Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтердің әлеуметтік ахуалында ауыз толтырып айтарлықтай ілгері басушылық бар. Оны күннен-күнге гүлденіп келе жатқан ауыл көркінен аңғаруға болады.

Бүгінде Қосшыңырау ауылдық округінде осындай игілікті істер аз емес. Елді мекеннің кемел келешекке бет түзеп, өркениетке қадам басып келе жатқанын ауылға кіреберіс беттегі жолдар мен көз тартар көшелер айқындап тұрғандай. Қазіргі кезде Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай және Досан елді мекендерін  қоса есептегенде халық  саны – 3612 адам. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар саны – 586 адам. Сондай-ақ, жұмыссыздар саны – 12 адам болса, жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрайды. Халық саны былтырғы жылмен салыстырғанда 6,4 пайыз өсімді құрап отыр.

Осы жылдың 11 айында ауылдық округ тұрғындарын «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары арқылы 3 адам жастар практикасымен, 36 адам – ақылы қоғамдық жұмысқа, 1 адам – қысқа мерзімді кәсіптік оқуға тартылды. Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа 42 адам құжаттарын тапсырып, екінші кезең нәтижесімен ауылдық округінің 9 азаматы жалпы құны  11 млн 26 мың 800 теңгені құрайтын грантқа ие болды.

Округте бюджет және салық базасын кеңейту бойынша жыл басында бекітілген бюджет шығындары бойынша 108,5 млн. теңгені құраса, жыл ішінде қалалық мәслихат шешімдерімен бұл қаражат 156,7 млн. теңгеге нақтыланып, 0,6 есеге артты.  Сондай-ақ, ауылда осы жылдың  салық түсімдерінің жоспары 7 млн. 333 мың теңгеге жоспарланып, қазіргі таңда  нақты түсім 5 млн. 363 мың теңге түсім түсіп, жоспар  73,1 пайызға орындалды.

Қосшыңыраудажыл басынан бері аз қамтылған  48отбасына (381 адам) 20 млн. 438,5 мың теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалған. Бүгінде ауылдық округ тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде Абай елді мекеніндегі медициналық  амбулатория алғашқы көмек беру, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері «Жүрек жылуы», қайырымдылық акциялары аясында демеушілер тарапынан 35 тұрмысы төмен отбасыға 420 мың. теңге көлемінде азық-түліктей қолдау шаралары ұйымдастырылды.

Ауылдық округ бойынша жалпы білім беретін 2 орта мектепте 2 аусымда 902 оқушы білім алуда. Мектептер толықтай бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Ал мектепке дейінгі білім беруге байланысты – Абай ауылында «Ата Мұра Орда» 100 орындық жеке балабақшасында 85 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар,  Абай мәдениет үйінің жанынан құрылған «Ақниет» әжелер ансамблі, «Шабыт» көркемсөз оқу, «Дарын» домбыра, «Ән шырқайық», «Бисер», «Сурет», «Заманауи» және «Спорт» би үйірмелері жұмыс жасап келеді. Үйірмеге 250 оқушы қамтылған. «Абай мәдениет Үйінде» жыл көлемінде 45 мәдени іс-шара өткізу жоспарланды. Осы ай аралығында 42 мәдени іс-шара өткізілді.    Ауылдық округі бойынша 2 ойын алаңы және тұрғындарға арналған 1 жаттығу орны бар.

Биыл  1381 гектар аумаққа күріш,  одан басқа 476 гектарға жаңа жоңышқа,    82 гектарға бидай егілді. Нәтижесінде,  1381 гектар аумаққа егілген күріштен – 56,2 центнерден 7758,2 тонна өнім алынды. Анығырақ айтсақ, Қосшыңырау ауылдық округінің жалпы жер аумағы – 40 322,3 гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жер учаскесінің көлемі – 18315.5 гектар.  Елді мекен жері – 971,0 гектар (Абай ауылы – 606,0 га және Досан ауылы – 365,0 га); Қазіргі кезде Қосшыңырау ауылдық округінде егін шаруашылығымен айналысатын  29 шаруа қожалығы бар. Ал тіркелген мал басы саны  МІҚ -5048, Жылқы – 3141, Уақ мал – 4927, Түйе – 421.  өсім 17 пайызды құрап отыр.

Сонымен қатар, Досан ауылын аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында   2 дана ұңғыма қазу жұмыстары  жүргізіліп халыққа пайдалануға берілді.

Биыл ШЖҚ«Табиғат» МККкәсіпорны арқылы  ауылымызға келетін үш каналға тазарту қазу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда  Р-2,2 каналы – 8,1 шақырымы тазартылып – 25,9 млн. тенге  игерілді. Ешпан каналы – 3,9 шақырымы тазартылып – 18,6 млн.тенге игерілді.  Алтынбай каналы – 10,5 шақырымы тазартылып –  20,5 млн.тенге игерілді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – ел экономикасын ілгерілетудің ең негізгі тетіктерінің бірі. Өздеріңізге белгілі, мемлекет тарапынан жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында тиімді мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, өңірімізде жүзеге асырылуда.

 Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Сейдуали Әбдіқадыровтың айтуынша, ауылда кәсіпкерлік саласы кең етек жайған. Өткен жылы 19 кәсіпкерлік субьект тіркелсе, 20 тұрақты жұмыс орны ашылған. Ал биыл 11 айдың өзінде 33 кәсіпкерлік субъект тіркеліп, 33 тұрақты жұмыс орны ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда 74 пайыз өсімді құрап, 210 ге жетіп отыр. Толығырақ айтсақ, мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орнын ашу межесі орындалып отыр.

Биыл аграрлық несие корпарациясы арқылы 17 пайызбен  26,2 млн. теңге  құрайтын 1 жоба  қаржыландырылды. Сонымен қатар, аграрлық несие корпарациясы арқылы Іскер бағдарламасымен 9,7 млн. теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асты. Ал «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 9 ауыл тұрғыны жалпы көлемі 11 млн 26 мың 800 теңгені құрайтын мемлекеттік қайтарымсыз грантты жеңіп алды. «Миробизнес-Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығына»  5, млн. теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды. Сырдария 1 несие серіктестігі арқылы 26,4 млн теңгені құрайтын 3 жоба қаржыландырылған.

– Абай ауылының жалпы ауыз су құбырының ұзындығы – 9 шақырымды құрайды. Бүгінде «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Абай ауылы 95 пайыз таза ауыз сумен қамтылған. Соңғы жылдары Абай ауылының шет аймақтарына  жаңадан  тұрғын  үй құрылысына  берілген  жерлерге  шашыраңқы  тұрғын үй құрылыстары  түсуде. Осыған орай сол үйлерге ауыз су құбырын тарту мақсатында қазіргі таңда қалалық құрылыс бөлімі арқылы жобалау сметалық құжаттары әзірленуде.  Сондай-ақ, Досан ауылы тұрғындары 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Досан ауыл тұрғындары өз келісімдерімен табиғи газды ауылға кіргізуге «Каз Энерго Проект Строй»  ЖШС-мен келісімге отырып, бүгінде аталған елді мекен  орталықтандырылған  ілеспе   газ құбырларына қосылып, игілігіне пайдалануда, – деді ауыл әкімі.

Өткен жылы «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қосшыңырау округінде 5 көше жөндеуден өткізілді. Жыл басында өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Сиыр фермасына жарық бағандарын орнату үшін 3590,0 мың теңге бөлініп, ашық конкурс жарияланды. Нәтижесінде, «МК-Сервис Ltd»  ЖШС жеңімпаз болып табылып, жұмыстар аяқталды.   Сонымен қатар, биыл қалыптасқан 2666,8 мың теңге бос қалдықтың 2130,4 мың теңгесін ағымдағы шығындарға, яғни Досан ауылындағы №17-көшеге жарық бағандарын орнатуға қайта бағыттап, жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ,  008-«Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру»  бағдарламасынан үнемделген қаржыдан 5224,0 мың теңге Сиыр фермасы мен Махамбетов көшелерінің қиылысына жарық бағандарын орнату жұмыстарына ашық конкурс жарияланып, жұмыстар жүргізілуде.

Досан ауылын толықтай талапқа сай электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, өткен жылдың соңында қала әкімінің қолдауымен қалалық бюджеттен 10 млн. теңге бөлінген. Бүгінде жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамасымен дайын тұр. Сондай-ақ, ауылдың жолдарында жөндеу мақсатында 8,0 млн. теңге қаржыға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптама алынды.  Абай ауылы, Сиыр фермасы учаскесіне  жол құрылыс  жұмыстарына және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына жоба сметалық құжаттары сараптамасымен әзір. Досан ауылындағы көшелерге жарық бағандарын орнату үшін жоба сметалық құжаттары және Абай ауылына балалар ойын алаңын салу үшін ЖСҚ-сы дайындалып, сараптама қорытындысына ұсынылды.  Досан ауылына медициналық бекет салу үшін облыстық құрылыс басқармасы тарапынан жоба-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алуға ұсынылды.  Өз кезегінде, аталған құжаттар дайын болған уақытта құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыны бөлу жөнінде құзырлы органдарға бюджеттік өтінім ұсынылатын болады.

Қосшыңырау ауылдық округінде алдағы уақытта атқаратын жұмыстар легі де аз емес. Бүгінде ауыл тұрғындарының басты арманы – көгілдір отын. Қазіргі кезде осыған орай әзірленген жоба-сметалық құжаттары толық дайын болып, құрылыс жұмыстарына қажетті қаржыны бөлу жөнінде тиісті орындарға бюджеттік өтінім өткізілген. Оған қажетті қаржы 663,0 млн. теңге. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ауылдағы «Дарбас», «Арғын» бейіттерін қоршау жұмыстарына жоба сметалық құжаттары әзірленуде.  Махамбетов және Шоқатай көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу үшін «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі,  автомобиль жолдары» және «Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау»  бөлімдеріне бюджеттік жоба ұсынылды.  Жалпы, жыл сайын ауылдық округтегі өзекті мәселелерді қаржы мүмкіндіктеріне қарай кезең-кезеңімен шешуге тиісті шаралар қабылданып келеді.

Тағы да оқыңыз: