Сенбі, 04 мамыр, 02:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Тарта жесең, тай қалар»…

15.10.2022

1918 0

Ақша үнемдей білесіз бе? Қазақта «тарта жесең, тай қалар, қоя жесең қой қалар» деген үнемнің пайдасын еске салатын мақал бар. Алайда үнемді білмейтіндер қарыздан шықпайды екен. Ал сіз ше? Тапқан табысыңызды игере аласыз ба? «Fingramota.kz» қалтаңдағы ақшаны басқарудың оңай жолдарын жариялапты. Оқып көріңіз…

I күн. Ең әуелі шығындарды есепке алу үшін телефонға қосымша орнату немесе бір күндегі шығынды қойын дәптерге жазып отырған жөн. Егер жұмсалған ақшаны бақылап, ақшаның қайда жұмсалғанын біліп отырсаңыз, шығын нәтижесі сізді таңғалдыруы мүмкін. Сондықтан бірінші міндет – шығындарыңызды есептеп, қайда жұмсайтыныңызды бөліп қою, мысалы, азық-түлік, көлік, коммуналдық шығындар, демалыс, сыйлықтар, емделу және т.б.

 II күн. Ақша жинау үшін алдыңызға мақсат қойыңыз. Мысалы, шағын бизнес ашу, балаларды оқыту, жаңа көлік сатып алу, саяхаттау және т.б. Нақты мақсатқа ақша жинау адамды ынталандырады. Алдағы жоспарыңызды әлсін-әлсін еске түсіріп, оны көз алдыңызға елестетіп, жинайтын ақшаңызды есептеп отырыңыз. Қалай болғанда да, ақша жинау және мақсатыңыз ұзақ мерзімді, яғни кем дегенде 2 жылға арналған стратегия болғаны жөн.

III күн. Жылдың қай айында ең көп табыс тапқаныңызды және бұл неге байланысты екенін есептеңіз. Сондай-ақ қай айда кіріс аз болғанын және бұл жағдайдың қайталану қаупі бар-жоғын есте сақтаңыз. Жағдайды талдағаннан кейін, қандай әрекет­терден бас тартқан жөн және қайсысы қаржылық жағынан жақсы нәтиже бергені туралы ойла­ныңыз.

IV күн. Ақша бай­қалмай жұмсалатын күн­делікті шығындарды бақы­лаңыз. Бұл шоколадтар немесе тәтті тағамдар, сондай-ақ үйден алуға болатын су, өзіңіз жасай алатын пайдалы үй тағамдарының орнына кафеде түскі ас, таксимен жүру, дайын кофе және басқа да шығындар болуы мүмкін. Ақшаңызды босқа шашпау үшін өзіңізге талап қоя біліңіз. Жуынатын бөлмеде краннан су ағып тұруы, қонақ бөлмеде үнемі шамның қосылып тұруы, өзіңіз пайдаланбайтын стационарлық телефон үшін ай сайынғы абоненттік төлем артық шығын. Ұялы байланыс, үйдегі интернет және кабельдік теледидар тарифтерін қайта қарастырыңыз, үнемді нұсқалар табылуы мүмкін.

V күн. Енді нақты шығындарды білгеннен кейін үнемдеуді үй­реніңіз. Аптасына бір кішкентай әдеттен бастай аласыз, содан кейін көбірек қосыңыз және т.б. Нәтижесінде, отбасылық бюджеттің артық шығындарынан құтыласыз.

VI күн. «Артық шы­ғыннан» арылыңыз! Мыса­лы, азық-түлік шығын­дары әдетте кез келген отбасылық бюджеттің едәуір бөлі­гін алады. Сондықтан бір күніңізді бюджеттің осы маңызды бөлігін жоспар­лау­ға арнаңыз. Жеке кіріс-шығысыңызды немесе бүкіл отба­сының бір апталық кіріс-шығысын жазған жөн.

 VII күн. Ақша жинау оңай емес. Сондықтан апта сайын ақшаның жұмсалуын бақылаңыз. Барлық шығындарыңызды, оның ішінде несие төлемін жазып жүріңіз, әрдайым түбіртекті қайта қарап шығыңыз және дүкеннен шыққаннан кейін бірден тастамаңыз. Қай жерде қателескеніңізге көз жеткізіңіз: негізсіз шығындар, мысалы, асханада немесе кафеде жұмсалған ақша, көптеген ұсақ-түйек сатып алу және т.б. Әрі қарай жіберген кемшіліктерді ескере отырып, жаңа қаржылық жоспар құрыңыз. Ең бастысы, қанша үнемдегеніңізді есеп­теңіз. Үнемдеген ақшаны жинай бастаңыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: