Жұма, 17 мамыр, 07:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Зейнетақы қорындағы 500 миллиард теңге «Бәйтерек» холдингіне бөлінеді

26.01.2023

756 0

Еліміздегі бірқатар жобаларды қаржыландыру үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ақша бөлінеді. Ұлттық банк мәліметінше бұл іске 500 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды Экспресс К

Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды. Дерекке сүйенсек, зейнетақы қорындағы қаржыны «Бәйтерек» ҰБХ» облигацияларына нарық талаптарымен инвестициялау жоспарланып отыр. Холдинг бұл ақшаны машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларды кредиттеуге бағыттайды.

Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде бақыланады.

Холдинг бағалы қағаздар нарығында сенімді қарыз алушы, оның орнықты қаржылық көрсеткіштері мен халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары кредиттік бағалары бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға нарық кірісі бойынша қайтарымды негізде беріледі. Жоғарыда аталған инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеледі. Сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: