Бейсенбі, 02 мамыр, 02:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жеңімпаз отбасылар марапатталды

16.07.2022

664 0

Сәрсенбі күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау

шарасы өтті. Оған қала әкімі Асылбек Шәменов қатысты.

Биыл аталған байқаудың қалалық кезеңіне 15 отбасы өтінім берген. Әр отбасының еңбектегі, зияткерлік саладағы, ғылыми бағыттағы жетістігі, меценаттық, волонтерлық, қайы­рымдылықтағы белсенділігі ес­керіліп, таңдау жасалған. Байқау талабына сай келген 5 отбасыны қала басшысы марапаттады.

– Мемлекет тірегі отбасы десек, әрбір отбасының бақыт­ты, бақуатты өмір сүруі еліміз­дің әлеуетін арттырып, мықты­лығын көрсетеді. «Мерейлі отбасы» байқауы еліміздегі от­басы құндылығын насихаттауға бағытталған. Ұлттық құндылығы­мызды насихаттайтын байқауға биыл 15 отбасы үміткер ретінде құжат тапсырса, тиісті комиссия шешімімен 5 отбасы іріктеліп алынды.

Қадірлі жерлестер, біз ата-анасын ардақтап, қариясын құрметтей білетін, отбасын Отанның тірегі санайтын елдің ұрпағымыз. Бүгінгі «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысып, бел­сенділік танытқан әрбір отбасыға шынайы алғысымды білдіремін. Әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін, – деді қала әкімі.

Үздік деп танылған бес отбасы марапат төрінен көрініп, оларға арнайы сый-сияпат табысталды. Сонымен «Мерейлі отбасы-2022» ұлттық байқауының жеңімпазы деп тасбөгеттік Ермановтар әулеті танылса, ІІ дәрежелі дипломмен қызылордалық Таңрақбаевтар, ІІІ-дәрежелі дипломмен Жақыповтар отбасы марапатталды. Ал «Өнерлі отбасы» номинациясы Тасбөгет кентінен Бөлегеновтер отбасына, «Өнегелі әулет» номинациясы Айнакөл ауылының Смағұловтар әулетіне табысталды.

А.СЕЙІЛ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: