Сенбі, 09 мамыр, 02:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

240 отбасы баспаналы болды

09.05.2026

40 0

Халықты баспанамен қамту ісі жыл сайын ілгерілеп келеді. Жақында облыс орталығында 240 пәтер пайдалануға берілді. Бұл жолы баспана әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға, оның ішінде көпбалалы аналар мен мүгедектігі бар жандарға берілді.

Жаңа пәтерлер Сырдария өзенінің сол жағалауынада бой көтерген. Мұнда бес қабатты 6 тұрғын үй ел игілігіне берілді. Тұрғындарға баспана кілтін табыстаған қала әкімі Нұржан Ахатов игілікті іс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

– «Президент өз Жолдауында: «Елі­міз­де бірыңғай тұрғын үй саяса­тын әзір­леу қажет. Негізгі қағидат – тұр­ғындар, әсіресе, әлеу­меттік тұрғыдан әлсіз топ­тар үшін баспананың қолжетімділігін арттыру», – деген болатын. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты қол­дауының арқасында, облыс әкімінің үй­лестіруімен бұл бағыттағы жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Бүгін міне, айтулы мереке қар­саңында 6 көпқабатты тұрғын үй ке­шенін пайдалануға берілді. 4 млрд 500 млн теңгеге салынған бұл кешеннің аумағы 15 600 шаршы метр. Құрылысты Сыр өңірінде талай жылдан бері қол­таң­ба­сы қалған мердігер мекемелер сал­ды, – деді қала әкімі.

Айта кетейік, биыл қала тұрғын­дарын баспанамен қамтуға бюджеттен 58 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 31 көпқабатты үй салынады деген жоспар бар. Оның ішінде  945 пәтер ипотекалық, 1336 пәтер әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй болады. Оған қоса замануи дизайндағы жеті, тоғыз және он екі қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

Пайдалануға берілген 6 тұрғын үйдің жалпы аумағы 15 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда 240 отбасы қоныстануда. Тұрғын үй жанында қажетті инфрақұрылым әлеуметтік және білім беру нысандары орналасқан. Осындай мүмкіндікке пәтер иелері де риза.

– Көпбалалы ана ретінде тірке­ліп, үй алдым. 14 жылдан бері күткен үйімнің кілтін қала әкімінің қолынан алып отырмын. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрған едім. Енді міне, 3 бөлмелі пәтер кілтін алып отырмын. Қуанышымда шек жоқ, жақын арада осында көшіп келемін, – дейді қала тұрғыны Самал Нұрмышева.

Жыл басынан бері 700-ге жуық қызылордалық баспаналы бол­ғанын айта кетуіміз қажет. Ал жыл соңына дейін тағы 1581 пәтер пайда­лануға беріледі деп жоспарланған.

Д.КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: