Сенбі, 09 мамыр, 02:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Атқарылған істен аймақтың даму динамикасы байқалады

09.05.2026

42 0

Құрметті Олжас Абайұлы!

Қадірлі қауым!

Өңірдің өркендеуі – жүйелі жұмыстың, нақты жоспар мен жауап­кершіліктің нәтижесі. Осы тұрғыдан алғанда, соңғы төрт жыл­да Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен Қызылорда облысында ауқымды істер атқа­рылғаны, аймақтың даму динами­касынан айқын байқалады.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірлердің дамуына, халықтың тұрмысын жақ­сартуға барлық мүмкіндіктерді жасап келеді. Сыр жұртшылығы осы қолдаулары үшін Президентімізге ерекше ризашылығымыз бен алғы­сымызды білдіреміз және өзі сенім артқан, облыс әкімі қызметіне жаңа тағайындалған Мұрат Нәлқожа­ұлы Ергешбаев­тың кандидатурасын қол­даймыз. Алдағы уақытта елдің ертеңіне бағытталған барлық бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға сенім білдіреміз.

Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің назарын өзіне аудартқан, барлық саласында тұрақты даму серпіні қалыптасқан елге айналды.

Елімізде жүргізіліп жатқан тиімді бағдарламалар мен Мемле­кет басшысының ұтымды страте­гия­лық жобаларының игілігін ел көруде. Барша қызылордалықтар Президенті­міздің әділетті, қуат­ты, Таза Қазақстан­ды құру жо­лындағы барлық бастамаларын қолдайды.

Расында, әділеттілік пен заң мен тәртіп үстем құрған қоғамда тұрақты даму, болашаққа деген сенім нық болары сөзсіз.

Осындай маңызды бағыттардың бірі, Президентіміздің жүргізіп отырған тиімді инвестициялық сая­сатының арқасында Сыр өңірінде де ірі инвесторларды тарту арқылы ауқымды жобалар жүзеге асы­рылуда.

2021 жылмен салыстырған­да инвестиция көлемі бүгінде 250 пайызға артты. Өткен жылдың өзінде 27 инвестициялық жоба іске асты.

Озық технологиялармен толық автоматтандырылған – «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің кірпіш зауыты, нан, кондитерлік өнімдер шығаратын «Қызылорда нан» зауы­ты іске қосылды.

Президентіміздің қолдауымен өңірдегі ең ірі жоба, Қызылорда қаласында түрік инвесторымен «Aksa Energy» жаңа жылу электр орталығы пайдалануға берілді.

Испандық «Рокка групп» ком­паниясымен санитарлық-техникалық өнімдер шығаратын жоғары технологиялық зауыттың құры­лысы жақын күндері бас­талады.

Оңтүстік Корея технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қалдық­тарды сұрыптау, өңдеу және кәде­ге жарату зауытының құрылысы басталды.

Жақында ғана «Харвест Агро» компаниясының агроиндуст­риал­­ды кластерін құру жобасы­ның бірінші кезеңі  іске қосылды.

Президентіміздің қолдауымен облыстың егін шаруашылығын әртараптандыруға, су ресурстарын үнемдеу технологиясын кеңінен енгізуге алдағы үш жылға 34 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.

Құрметті жиналған қауым!

Жалпы алғанда, бұл кезең нақ­ты нәтижелермен ерекшеленетін, өңірдің дамуына серпін берген уақыт болды.

Осы атқарылған жұмыстардың заңды жалғасы ретінде Нұрлыбек Машбекұлының жаңа жоғары қызметке тағайындалуы – оның еңбегіне берілген әділ баға және үлкен сенімнің көрінісі деп санаймыз.

Алдағы қызметіңізде жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, ел игілігі жолында табысты еңбек ете беруіңізге тілектеспіз!

Сыр жұртшылығы атынан туған жерді түлетуге жасаған барлық қажырлы еңбегіңізге алғыс білдіреміз!

Абзал ЕРАЛИЕВ,

Қазақстанның Еңбек Ері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: