Құрылтай

Сенбі, 25 шiлде, 00:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№55 (2267)
25.07.2026
PDF мұрағаты

Спортқа ден қойған кент

25.07.2026

25 0

«Белкөл» кентінің спорт кешенінде 300-ге жуық белкөлдік жастар спорттың 7 түрімен, атап айтқанда  футбол, каратэ, бокс, джи-джитсу, еркін күрес, шахмат, үстел теннисімен машықтанып, халықаралық, республикалық, облыстық дәрежедегі жарыстың биік тұғырынан көрініп келеді.

Бұл туралы Белкөл кенті әкімі Жасұлан Сәду брифингте  баяндады. 

Кент әкімінің айтуынша, жыл сайын жастар арасында кіші футболдан «Каратэ-До»-дан  Қазақстан чемпионы,  қара белбеу иегері Сәпи Ернұрды және  еңбегі сіңген теміржолшы Алмат Айдарбекұлын еске алуға арналған турнирді  өткізу дәстүрге айналған. Жарысқа кенттің 1986-2007 жыл­ғы жастары қатысып, бақ сынайды.  Айта кетерлігі, жүлде қоры 500000 тең­гені құрайды. Балалардың спортқа қы­зығушылығын арттыруда, белсенділігін көтеруге  ықпал ететін турнирге балалардың ынтасы ерекше. Кентте бұқаралық спортты  дамыту мақсатында жеке кәсіпкер өз қаржысына 1 футбол алаңын салса, 2020-2021 жылдары 2  спорттық жаттығу  және Бірқазан елді мекенінде 2020 жылы 1 фут­бол алаңы салынған. Көпқабатты тұр­ғын үй аулаларындағы  8 ойын алаңы бел­көлдіктердің салауатты өмір салтымен өмір сүруін, спортқа деген ынтасын оятып, белсенділікке шақырады.

Белкөлде кәсіптің көзін тапқандар­дың қатары көбейіп келеді. Мәселен, мұнда 464 шағын кәсіпкерлік нысан белсенді жұмыс көзіне айналып отыр. Олардың қатарында 42 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 399  дара кәсіпкер, 21  шаруа қожалығы бар.

6 айдың қорытындысымен 79 кәсіп­керлік  тіркеліп, 79 тұрақты жұмыс орны ашылған. «Байқоңыр ӘКК»  АҚ арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 36,1 млн теңгені құрайтын 4 жоба қаржыландырылған.

– Кенттегі №1, 11, 12, 12А көп­қабатты үйлерге қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары коммуналдық мем­лекеттік мекемесі арқылы 150 млн теңгеге ыстық су жеткізу жұмысы жүргізілуде. 15 млн теңгеге «Тағзым» алаңы жаңадан салы­нып, абаттандыру жұмысы жүргізілді. С.Ыбырайұлы көшесіне 9 млн  теңгеге балалар ойын алаңы салынды. Сарыарқа, М.Есмаханов, Т.Абуов, Зеленая көше­леріне 94 млн теңгеге жарық бағаналары орнатылды. Жылу орталығы күрделі жөндеуден өткізіліп, мазуттан сұйы­тылған газ отынына ауыстырылды. Көп­қабатты үйлер, әлеуметтік нысандар орталықтандырылған жылуға қосылып, толықтай ауызсумен қамтамасыз етілді. 2012 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы ауызсу жүйесі жаңартылды. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында кентте санитарлық тазалық, көр­кейту-көгалдандыру, тұрмыстық қат­ты қалдықтан тазарту жұмысы тұрақты жүргізілуде, – дейді кент әкімі.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: