Сенбі, 09 мамыр, 02:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 (2246)
09.05.2026
PDF мұрағаты

Тәуелсіз ел болу дегеніміз – өз тағдырыңның жауапкершілігін түгелімен өз мойныңа алу деген сөз

09.05.2026

41 0

Құрметті Олжас Абайұлы!

Қадірлі жиынға қатысушылар!

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 35 жыл­дан асып бара жатыр. Осы жылдары еліміз бүкіл дүние жүзіне танылып, әлемдік қауымдастықта өз орнын ойып алды. Әрине, жаңа мемлекет құру, оның іші-сыртын бүтіндеу оңай шаруа емес екенін барлығымыз жақсы білеміз. Өйткені тәуелсіз ел болу дегеніміз – өз тағдырыңның жауапкершілігін түге­лімен өз мойныңа алу деген сөз. Сол себепті, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем дамуының бүгінгі және болашақтағы тамыр соғысын анықтап, елімізде Конституциялық ре­фор­маны жасай отырып, саяси жүйе­ні жетілдіруді батыл қолға алды. Саяси жүйені жетілдіру баршамызды жаңа­ша ойлауға, жаңаша әрекет ету­ге, елімізді дамыту үшін жаңаша көз­қарас қажеттілігін ұғындырып отыр. Прези­дентіміз қазақстандық қоғам­ды адалдық пен әділдік, заң мен тәртіп үстемдік етер жолға салып берді. Біз ендігі арада қоғамда және әрқай­сысымыздың санамызда осы адалдық пен әділдік және заң мен тәртіп қағидатының берік орнығуының аса маңызды екендігін ұғына түскеніміз абзал.

Айта кетуіміз керек, соңғы төрт жылдың ішінде президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне ресми сапармен 3 рет келіп кетті. Әрбір ресми сапары Мемлекет басшысының Сыр халқына деген құрметі, осы өңірдің дамуын үнемі назарында ұстап, қолдау көрсетуі деп білеміз. Өзіңіз де құрметті Олжас Абайұлы, облысқа бірнеше рет келіп, үнемі қолдау жасап келесіз.

Айта кетуіміз керек, Мемлекет бас­шысы жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларында әлеуметтік салаға ерек­ше мән береді. Президенттің тікелей тапсырмасымен соңғы төрт жылда Қызылорда облысында 200 ге жуық әлеуметтік нысан іске қосылды. 43 мек­теп, балаларға арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық инно­ва­циялық орталық, «Құзыреттілік орта­лығы», 300 орындық балалар тынығу лагері салынды. Денсаулық сақтау саласында 41 медициналық нысан салынса, көпбейінді аурухана, 400, 500 келушіге арналған емхана, перина­талдық орталық құрылысы қарқынды жүруде. Сонымен қатар 24 спорттық нысандар, оның ішінде 11000 орындық жаңа стадион, инклюзивті спорт орталығы пайдалануға берілді. «Қызылорда Арена» спорт кешені салы­нуда. Мәдениет саласында 22 нысан ел игілігіне іске қосылды. Барлық ауданда «Руханият», қалада «Анаға тағзым», «Өнер орталығы» орталықтары салынды. Мемлекет басшысының тап­сырмасымен заманауи кітапхана мен драма театр құрылысы басталды.

Осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды Ол кезде облыстың бюджеті небәрі 346 млрд болса, бүгінгі күні 851 млрд-қа жетті.

Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы!

Президентіміздің қойған талабы бойынша әкімдердің бойында ұйымдас­тырушылық қасиет, кез келген мәсе­лені оң шешудегі тапқырлық, ойға алған мақсатын орындамай қоймай­тын табандылық, тәуекелшілдік пен темірдей тәртіп, жаңашылдық пен қарапайымдылық, ең бастысы, халық­шылдық пен мемлекетшілдік қасиет болу қажет. Осы қасиеттер сіздің бойы­ңыздан табылады.

Тәуелсіздік жылдары облысты сізге дейін тоғыз әкім басқарған екен. Сіз оныншы болдыңыз, барлық жасаған жұмыстарыңыздың нәтижесі үнемі ондыққа тиіп жатты. Мемлекет басшысы өзіңіздің өңірлік тәжірибеңізді жоғары бағалап, Үкімет басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындады. Бұл үлкен сенім, осы өңірде алған мол тәжірибеңіз сізге көп көмек болатыны сөзсіз. Жаңа қызметіңізге табыс, сәттілік тілейміз! Жаңа әкім Мұрат Нәлқожаұлы­на Мемлекет басшысының және халық­тың сенімінен шыға беріңіз дейміз.

Мұрат Бақтиярұлы,

саяси ғылымдар докторы, мемлекет және қоғам қайраткері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: