Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың «Айналайын, Азаттық!» атты туындысының тұсауы кесілді.
Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл топ жетекшілері, еңбек адамдары, ардагерлер, жастар, студенттер, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кітаптың мазмұны жөнінде облыстық мәслихат төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов, саяси ғылымдар докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова сөз алып, өз ойларын ортаға салды.
Шарада арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елеу Көшербайұлының, Айтбай Көшербайұлының, Қырымбек Елеуұлы мен Жомарт Елеуұлының әр жылдары жарық көрген кітаптары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары қойылды. Тұсаукесер соңында келген қонақтарға автор кітабы таратылды.
М.Сағидатбекқызы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!