Жұма, 22 қараша, 07:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Айдана Меденова үшінші сәбиін дүниеге әкелді

18.01.2024

528 0

Сурет: stan.kz

Экс-әнші Айдана Меденова үшінші сәбиін қолына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі бір ұл, бір қыздың анасы. 

“Шыр етіп, жарық дүниеге Ханифам келді. Шаңырағымды шаттыққа толтырып, кестетігерім өмір есігін ашты. Аллаға мың да бір шүкір. Алланың сүйікті құлының бірі бол, Ханифам менің!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары жарыса сәбиге ақжарма тілегін жаудырып жатыр. “Жаным кішкентай балапаныңның бауы берік, дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болсын. Көз қуаныштарың болсын!”, “Ерекше есім екен” деп құттықтап жатқан жанның қарасы көп. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: