Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Мұндай жерде тұрмас едім»- Жазира Байырбекова

25.11.2024

545 0

Сурет: alash.kz

Әнші Жазира Байырбекова жас кезінде басынан өткен оқиғаларын әңгімелеп, отбасылық өмірінің алғашқы жылдары туралы естелігін баяндады. Бұл туралы өнер иесі Мамский әңгіме жобасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Сұқбатта әнші 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрып, ененің қатал тәрбиесінен өткенін әңгімелеп берді.

«Ауылда жүрген кезде бәріне көніп жүрдім. Жұмыссыз болдық бәріміз. «Жанболат пен Жазира мал бақтыратын шығармыз» деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім», – деп еске алды әнші сұқбатта.

Өнер иесінің сөзінше, тұңғышы Қазбектің кішкентай кезінде ойыншық сатып алуға қаражат болмаған.

«Қазбек мектепте оқып жүргенде айтамын. Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан «мұндай жерде тұрмас едім, деп айтуға болмайды» деймін. Менің кез келген жерде тұруым мүмкін еді. Адам ешқашан «олай етпес едім, мұнда тұрмас едім» деп айтуға болмайды… Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, «сенің өмірің мынау деп көрсеткендей» болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің бақытын, рахатын енді көріп бастаған сияқтымын», – дейді әнші Жазира Байырбекова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: