Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Бейнебақылаудың көмегі

23.11.2021

780 0

Жуырда Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейне­бақы­лаушы-инспекторы сағат 00:30 ша­масында қаладағы орталық көше­ле­рінің қиылысында орналасқан бейне­­ка­мераны шолу барысында бір топ белгісіз азаматтар көше бойында төбе­лесіп жатқанын байқаған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипаждары жіберілді. Полицейлер анық­тағандай, оқиғаға қатысушылар жас шамасы 20-25 жастағы жігіттер  сөзге келіп қалып, жанжалдасып төбелескен. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында жанжалға қатысушылар оқиға орнында ұсталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Полиция басқармасына жеткізілген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгінде камералардың арқасында қылмыстың «ізін суытпай» ашылу деңгейі арта түскен. Жыл басынан бері бейнебақылау камераларының көмегімен 101 қылмыс ашылып, 21 мыңнан астам әкім­шілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу және аумақты ластау сияқты ұсақ бұзушылықтар бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: