Жұма, 19 сәуiр, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Есірткі жасырған

24.11.2021

838 0

Жақында Қызылорда ПД Есірткі қыл­мысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шарасы барысында Сырдария аумағында аса ірі көлемде «кептірілген марихуананы» жасырын сақтап жүрген 52 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.

Тергеп тексеру кезінде жалдамалы фа­зендасына тінту жүргізіліп, күдіктінің көрсетуімен жалғыз ұңғылы қару, 2 дана 16 калибрлі патрон, 5 дана фазенданың әр жеріне жасырып қойған жасыл түсті ерекше хош иісі бар өсімдік тәріздес айғақты заттар алынып, тағайындалған сараптаманың қо­рытындысында жалпы салмағы 1 келі 747 гр «кептірілген марихуана» екені анықтал­ған. Күдікті өзінің жасаған қылмысын толығымен мойындап, өзінің есірткі затына тәуелді екендігін айтқан.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Көрсетілген бап­тың санкциясында үш жылдан жеті жыл­ға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айы­ру жазасы қарастырылған. Есірткімен ай­на­лысу ауыр және аса ауыр қылмыс са­натына жатады. Қазіргі таңда күдікті аза­мат Қызылорда қалалық Полиция бас­қарма­сының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, тергеу жүргізілуде, – Қызылорда облысы Полиция департа­ментінің бастығы Сұлтан Бектөре.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: