Бүгін қалалық құрылыс бөлімі былтырғы жылы атқарылған жұмысына байланысты қорытынды жиын өткізді. Кездесуде бөлім басшысы Айдын Ануар биыл бөлім тарапынан атқарылатын жұмыстар легімен таныстырды.
Мәселен, 2023 жылы құрылыс жобаларына 2 027 750 000 теңе бөлінген. Соның 8 098,4 000 «Тұрғын үй» бағдарламасына жұмсалады. 470 пәтерлі тұрғын үй құрылыс жұмыстары қыркүйек айында басталды. Биыл Сырдария өзенінің сол жағалауындағы бой көтерген 7 қабатты 84 пәтерлі тұрғын үйдің сараптамасы оң қорытынды көрсетуде.
Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 4,8 млрд теңге бөлінді. Қаражат су жүйесіне, электр желісіне, апатты кезекте тұрған тұрғын үйге жұмсалады. Қазіргі таңда ауыз су желісін дамыту жобасымен әл-Фараби, Эдельвейс, Орбита, Болашақ бау-бақша, Еңбек саяжайлары мен Жас Алаш көшелеріне ауыз су жүйесі жүрзіледі.
Апаттық кезекте тұрған отбасыларға 66 пәтер сатып алуға 1,1 млрд теңге қаржы бөлініп, жыл соңына дейін 60 пәтер кілті егелеріне табысталатын болады, – деді бөлім басшысы.
Нұрдәурен ЖӘРДЕМХАН,
Қорқыт ата атындағы ҚУ 4 курс студенті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!