Жұма, 11 қазан, 08:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

«Сервистік әкімдік» халыққа пайдасы

05.12.2020

1526 0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейітов қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі «Сервистік әкімдіктің» жұмысымен танысты.

Осы мақсатта халық пен билік арасындағы ашықтықты, жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында Тасбөгет кенті әкімдігі аппараты 2 жыл көлемінде «OPEN SPACE» форматында жұмыс істеп келеді. Ал биылдан бастап қызмет алушыларға, оның ішінде мүм­кіндігі шек­теулі жандар үшін қажетті жағдайлардың барлығы қа­растырылған «Сервистік әкім­­дік» қағидаты бойынша халыққа қолжетімді қызмет көрсетуді бастады. Биыл оңтайландырылған сер­вис ар­қылы 2 мыңнан аса кент тұр­ғыны мемлекеттік қызмет түрін пайдаланған. 

Тұрғындар «Сервистік әкім­дік» арқылы жерге қатыс­ты кез келген мәселесін шешіп, әлеуметтік сала бойынша сауалдарын жолдады. Сонымен қатар «Сервистік қызметке» «Нәти­желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың» 2017-2021 жыл­дарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бағыт-бағдар беру жұмыстары да кіреді. «Сер­вистік әкімдік» аясында ауыл шаруашылығы бойынша жеке және заңды тұлғалардың  өті­ніштеріне сәй­кес тиісті жұ­мыстар да ат­қарылады.

Ақсуат ауылының тұрғыны Сейітқасым Тәуірбаев «Сер­вистік әкімдік» қызметінің енгізілгеніне ризашылығын жеткізді. Ол жеке куәлігін ауыстыру үшін әкімдіктің сер­вистік қызметіне жүгінген.  

– Қызылорда қаласы елі­міз бойынша бірінші бо­лып, қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде «Сервистік әкімдік» қызметін жүзеге асыруда. Жаңа фор­матқа көшу тұрғындар үшін  барынша ашық және қолайлы болып отыр. Бұл өз кезегінде жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың бір орыннан қыз­мет алуына мүмкіндік береді, – деді қала басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: