Сәрсенбі, 13 қараша, 00:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90-2100
12.11.2024
PDF мұрағаты

Әскери-патриоттық жастар жиыны өтті

02.05.2023

727 0

Бүгін «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отан айбаты» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы М.Ршауов, Қызылорда қаласыны қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастығы А.Чункунов және білім ордаларындағы АӘД пәні мұғалімдері мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы тәрбиеленушілері қатысты.

Құрметті қонақтар, жас сарбаздар сіздерді «7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен» және Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Егемендік алған еліміздің Қарушы Күштерінің құрылғанына биыл 31 жыл, Ұлы Жеңіске 78 жыл толып отыр. ҚР Қарулы Күштерінің құрылу жағдайы, еліміздік тәуелсіздік алу жолындағы күресі, Қарулы Күштердің қалыптасып, бүгінгі күнде даму жолы туралы күнделікті білім ордаларыңызда алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері жан-жақты айтып жүрген болар. Әр мемлекеттің Қарулы Күштері – бейбітшілік тірегі. Айбынды әскерсіз, мемлекет мемлекет емес. Сондықтан ел дамуында басым бағыттардың бірі де осы қорғаныс саласына беріліп отыр, – деді ҚР Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Мыңділдә Ршауов.

Жастар мен жасөпірімдер арасында әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі 2018 жылдың 14 қарашасында құрылып, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді. Қазіргі таңда өңірімізде 11 мыңға жуық жас сарбаз аталмыш бірлестік құрамында.
Сонымен қатар, жақында жастар орталығында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының базасы жасақталып, бірқатар әскери экспонаттар қойылды.
Шара аясында өңірдегі әскери-патриоттық бағытты дамытуға өз үлесін қосып жүрген алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысынің тәрбиеленушілері Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының және «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғылысы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Шараға арнайы қатысқан желі жұлдызы, патриоттық өлеңдерді нақышына келтіріп орындайтын Әбу Құдабаев атындағы №197 орта мектептің 3 «А» сынып оқушысы Нұрперзент Бақытбек бірқатар жалынды өлеңдерін оқып, көрермен қошеметіне бөленді. Жас патриотқа «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғылысы Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының алғыс хаты мен естелік сыйлық табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: