Жексенбі, 14 сәуiр, 03:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29 (2039)
13.04.2024
PDF мұрағаты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысты

03.11.2022

733 0

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы Сыр еліне іссапармен келіп, жұмыс бағдарламасы аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жұмысымен танысты.

Орталық 2019 жылы Сырдарияның сол жағалауында бой көтеріп, бүгінгі күнге дейін аймақ жастарына үздіксіз қызмет етіп келе жатқан бірегей мекеме. Жастар орталығын аралау барысында министр «Мүмкіндіктер алаңымен», 2019 жылы қоғам белсендісі Талғат Меңдібаевтың бастамасымен құрылған «Кітап құрттары» ұйымының жұмысымен танысты. Мұнда ғылымның жаңа жетістігі «ПАЛМЕР-3» автономды генераторын құрастырған жергілікті өнертапқыш Марат Палмахов құрылғының жұмыс істеу барысын көрсетті. Сонымен бірге, министр орталық жанынан құрылған «Ақиқат алаңы» дебат клубының кезекті сайысына куә болып, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.

Дархан Қуандықұлы жастарға жан-жақты қызмет көрсететін зияткерлік демалыс орны саналатын «Coworking» орталығының жұмысымен де танысты. Қазіргі таңда жастарға әр бағытта қызмет көрсету сапасын еуропалық тәжірибеге негіздеу мақсатында жұмыс жасайтын бұл орталық заманауи құрылғылармен толықтай жабдықталып, цифрлы жобалар енгізу мәселесімен айналасуда.

Министр сапары барысында Азаматтық альянстың Үкіметтік емес ұйымдарды дамыту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысты. Онда«Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жетекшісі Ж.Тұсмағамбетов «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына»бөлінетін гранттық жобаларды ауылдық жерлердегі ҮЕҰ-ды дамытуға бағыттау, заң шеңберінде басқа өңірлерден келіп қызмет көрсетіп жатқан ҰЕҰ жұмысына қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу, қоғамдық секторды дамыту және аталмыш ұйымдардың жұмысын жүйелендіру бойынша ұсыныс пікірлерін жеткізді.

Бұдан кейін министр Жастар орталығында тұрақты жүргізілетін «Ерлік сабағына» қатысты. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагері запастағы полковник М.С.Ршауов, запастағы подполковник Б.М.Бекниязов және Қызылорда облысы қорғаныс істер департаментінің өкілі майор Е.Абдуллаевпен жолығып, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

Сыр елі тек жыры елі ғана емес, қанша батырды, қанша мықты азаматтарды тудырған киелі топырақ. Байқоңырдан ғарышкерлеріміз, Алаш ардақтылары да осы өңірден шыққан. Солардың ерлігі жас ұрпаққа үлгі. Сіздерге көп рахмет! Істеріңізге сәттілік тілеймін!,- деді министр.

Сонымен қатар, Дархан Қуандықұлы орталықтағы компьютерлік технологиялар мен түрлі жобалар, робототехника, ақпараттық жобалар жасалатын «IT PARK» орталығының қызметімен танысты.

Орталықта жастар шығармашылығын қолдау мақсатында түрлі шаралар мен кештер ұйымдастырылады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі бүгін орталықтың концерт залында Сырбойылық жас ақындардың қатысуымен өткен «Бейнепоэзия» кешіне қатысты. Шарада аудандық жастар орталықтарының басшыларымен, белсенді жастармен, жас ақындармен және студенттермен танысып, естелік суретке түсті.

Жастар орталығында сонымен қатар 4 үйірме, антикафе, кітапхана, гимнастика залы тәулік бойы жұмыс істейді. Қазіргі таңда жастарды қолдау және әдістемелік сүйемелдеу – орталық жұмысының негізгі өзегі болып отыр. Сапар соңында министр орталық жұмысына оң бағасын беріп, шығармашылжастарға ыстық ықыласын білдірді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет мүшелерінің өңірлерге сапары көрсетілген. Соның аясында алғашқы сапарымда Қызылорда өңіріне келіп отырмын. Бүгінгі жастармен кездесуден үлкен әсер алдым. Әсіресе, аудандардан келген жастардың бастамашыл және шығармашыл ынталары өте қуантты. Жастар орталығында әртүрлі салалар қамтылып, «NEET» санатындағы жастармен жұмыс істеу жолға қойылған екен. Жастардың талантын ашу бойынша да біршама жұмыстарды байқадым. Сондықтан, әр бастамаларыңызға сәттілік тілейміз, – деді Д.Қыдырәлі.

Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: