Жексенбі, 28 сәуiр, 21:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Кезектен тыс жиырма жетінші сессия өтті

23.11.2022

700 0

Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVІI сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіне енгізілген «2022-2024 жылдарға арналған кент және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша мәслихат депутаттары тарапынан кент және ауылдық округтердің бюджет кірістерін оңтайлы жоспарлау, мүмкіндігінше елді мекендердің бюджетін қысқартуға жол бермеу және басқа ұсыныстар көтерілді.

Сонымен қатар, сессия барысында «2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда қаласын дамыту бағдарламасын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 8 ақпандағы №9-3/1 шешімінің күші жою мәселесі талқыланды. Аталған мәселелер бойынша қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Баймаханова хабарлама жасады.

Аталған сессияға қала әкімі Асылбек Шаменов, қала әкімінің орынбасарлары, тиісті қалалық дербес бөлімдердің басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Ал сессия отырысына мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев төрағалық етті.

– Кент және ауылдық округ бюджетінің кірісін облыстық бюджеттен бөлінген 1203 мың теңге, қалалық бюджеттен 7285 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт есебінен көбейтіп, ҚР бюджет кодексіне сәйкес секвестр есебінен 11164 мың теңгеге, оның ішінде кейбір бюджеттік бағдарламадан үнемделген қаржы есебінен 5664 мың теңге, қалалық бюджеттен кент және ауылдық округ бюджеттерінің жылдық кіріс түсімдері болжамының орындалмауына байланысты жоғалтуларын өтеуге берілген ағымдағы нысаналы трансферт есебінен 5500 мың теңге есебінен азайту жоспарлануда.

 Облыстық бюджеттен барлығы 1203 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферт оның ішінде азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге қосымша Тасбөгет кентіндегі мәдениет үйіне 871 мың теңге, Талсуат ауылдық клубына 332 мың теңге бағытталды. Сонымен қатар, қалалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферт есебінен шығындар 7285 мың теңгеге көбейтілді. Оның ішінде Тасбөгет кентіне қарасты Сейтпенбетов көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарына 5 865 мың теңге, Тасбөгет кенті әкімі аппараты қызметкерлерінің қосымша еңбек ақы қорына 700 мың теңге және Қызылөзек ауылдық округі аппараты қызметкерлерінің қосымша еңбек ақы қорына 720 мың теңге бағытталды, – деді Гүлнар Баймаханова.

Сондай-ақ, кент және ауылдық округтердің бюджеттік бағдарламаларынан үнемделген қаржыларына ішінара өзгерістер енгізілуі ескеріліп, қаржылар төмендегіше берілген. Атап айтсақ, «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша, Қызылжарма ауылдық округіне барлығы 882 мың теңге оның ішінде: мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы қорына 562 мың теңге, Батырбаев көшесі № 2 мекен жайда орналасқан  жатақхананың бу қазандығының жер актісі мен техникалық құжаттамалын дайындауға 320 мың теңге қаражат бөлінді. Ал Қарауылтөбе ауылдық округі Р-1 каналына жаяу жүргіншілер көпірінің жер құжаттарын дайындауға 949,5 мың теңге, Қосшыңырау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы қорына  1 744 мың теңге, Талсуат ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы қорына 205 мың теңге, Ақжарма ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілердің еңбек ақы қорына 1 120 мың теңге берілді.

Сондай-ақ, «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру»  бюджеттік бағдарламасына орай, Белкөл кентіне Орталық көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу жұмысын бастауға, Қосшыңырау ауылдық округіне жол белгілерін орнатуға, Ақсуат ауылдық округіне ауылдық округтегі аяқ су сорғысына трансформатор орнату жұмыстарын бастауға қаражат қаралған.

Халықтың сұранысына байланысты «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша, Белкөл кентіндегі Әбдіқадыров көшесінің жарық шамдарын күтіп ұстауға  117,3 мың теңге бөлінді. «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» бағдарламасына орай,Ақжарма ауылдық округіндегі мәдениет үйіне жылу маусымына жанар-жағар май алуға қосымша 1 403,0 мың теңге,  «Автомобиль жолдарын орташа және күрделі жөндеу» бағдарламасына байланысты, Қызылжарма ауылдық округіндегі орташа жол жөндеу жұмыстарының мерзімі өткен жоба-сметалық құжаттамаларына түзету енгізуге 2 369,5 мың теңге бөлінген.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: