Дүйсенбі, 20 мамыр, 09:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Коммуналдық сала ілгерілеп келеді

18.11.2022

342 0

Қызылорда қаласындағы тұрғын үй коммуналдық саласын дамыту тұрғындар үшін аса маңызды. Үйдегі жылу мен су, көшедегі жарық пен жол тұрғындардың тұрмысын жақсартуды негізгі рөл ойнайды. Бүгінгі мақалада Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы баяндамақпыз.

Белкөл кентіндегі басты мәселенің бірі теміржол өткелі болатын. Аталған мәселе биылғы жылы шешімін тапқаны кент тұрғындарын қуантты. Белкөл кентіндегі темір жол өткелі арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына облыстық және қалалық бюджеттен жалпы көлемі 252,2 млн. теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда «Голден Сити ДС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

2022 жылы Қызылорда қаласы бойынша 49 көшеге жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін облыстық және қалалық бюджеттерден жалпы 2 821,6 млн. теңге бөлінді. Атап айтқанда, Ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын С.Бейбарыс көшесінен «Қызылжарма» каналы – Назарбаев даңғылына дейін магистральды көше құрылысын толығымен аяқтау үшін қажетті 99,0 млн. теңге облыстық бюджеттен бөлініп, нысан толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Жобаға сәйкес, ұзындығы 4,6 шақырымды құрайтын веложолақ, автобус аялдамалары, жаяу жүргіншілер жолы, суағарлар, жарық бағаналары және «Жібек жолы» каналы арқылы автомобиль көпірін салу қарастырылған.

Қалалық бюджеттен 258,8 млн. теңге бөлініп, ұзындығы 6,7 шақырымды құрайтын он төрт көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. Сондай-ақ, мамыр айында өткен облыстық мәслихат сессиясы шешімімен қаладағы ұзындығы 22,4 шақырым болатын он үш көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 1 592,6 млн. теңге бөлініп, мердігер мекемелермен келісім шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұдан бөлек, Бекқожаев пен Төле би көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін 438,7 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды.

Шілде айында облыстық маслихат шешімімен қаладағы ұзындығы 11,0 шақырым болатын он тоғыз көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 432,5 млн.тг қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурстары нәтижесінде мердігер мекемелермен шарт жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.

Бәйтерек ықшам ауданына «Қызылжарма» каналы арқылы көпір құрылысын салу үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 100,0 мың. теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер мекемемен келісім шарт жасалды. Жобаның сметалық құны 368,6 млн. Теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, Ғ.Мұратбаев көшесі мен Яссауи көшелерінің қиылысындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысы бойынша «Проект-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2022 жылдың төртінші айында  мемлекеттік сараптама қорытындысы әзірленді. Құны 320,5 млн. теңгені құрайтын жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуге облыстық бюджетке бюджеттік өтінім ұсынылды.

Қаладағы ұзындығы 34,4 шақырым болатын он тоғыз көшеге жаяу жүргіншілер жолын салу үшін, облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына 781,6 млн. теңге бөлу үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.

Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 105,7 млн. теңге қалалық бюджеттен бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, «Көшеков» жеке кәсіпкерлігімен келісім-шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бағдаршамдарды күтіп ұстауға 17,4 млн. теңге, жол белгілерін орнатуға 17,2 млн. теңге, жол белгілерін күтіп ұстауға 5,5 млн. теңге, жасанды тегіс еместік қондырғыларды күтіп ұстауға 4,5 млн. теңге, жолүсті таңбаларын сызуға 61,2 млн. теңге бөлінді.

Автомобиль жолдарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша Саламатов көшесіндегі автомобиль көпірін күтіп ұстауға 14,9 млн. теңге,         С.Бейбарыс көшесі мен Жаппасбай батыр көшелерінің қиылысындағы автомобиль көпірін күтіп ұстауға 11,2 млн. теңге, Ғ.Мұратбаев көшесіндегі автомобиль көпірін күтіп ұстауға 12,2 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «Армир Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

Қаладағы жолаушылар тасымалы мәселесін шешу мақсатында, 150 дана «YOUTONG» маркалы үлкен сыйымдылықтағы автобустарды, сатып алуға «КазТех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалып, қазіргі таңда 40 дана автобустар алынып, бағыттарда қызмет көрсетуде. Қалған 110 дана автобус жыл соңына дейін келеді деп жоспарлануда.

Сумен жабдықтау және бұру жүйесінің жұмыс істеу бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласында орналасқан 11 ұңғымасын ағымдағы жөндеуден өткізуге 2022 жылы 30,2 млн. теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес, «Gold Story LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып, жұмыстарын жүргізді. Техникалық қадағалаушы – «Әсем-Құрылыс-Қызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Осы бағдарламаны іске асыру халықты қажетті мөлшерде және белгілен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы су құбырларының, су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге, сумен қамту объектілерінің жағдайын жақсартуға дайындауға бағытталады.

Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыру бойынша жалпы 2022 жылы 722,7 млн.теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде көшеге жарық беру объектілеріне техникалық қызмет көрсету, көше жарық бағаналарын күтіп-ұстау, аулаішілік жарық шамдарын және 5 көзді жарық шамдарын күтіп-ұстауға және электр жарығын пайдаланғаны үшін төлем өтеу жұмыстары қаралған.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: