Бейсенбі, 28 наурыз, 19:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі сол жағалаудағы құрылыс барысын бағамдап, абаттандыру жұмыстарын көрді

23.09.2021

577 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралап, сол жағалауда жүріп жатқан құрылыс барысын бағамдап, абаттандыру жұмыстарын көрді.

Апаттық тұрғын үйлерде тұрып жатқан азаматтарға арналған 50 пәтерлік 1 көпқабатты тұрғын үйдің салыну барысын бақылаған облыс әкімі мердігер компания басшысына құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапа түрде аяқтауды тапсырды.

Мұнан кейін аймақ басшысы №4 кварталды жалғайтын магистральды жылу желілерінің және сол жағалауды аяқ сумен қамтамасыз ететін су бұрғылау ұңғымасының жобасымен танысты.

Сырдария өзенінің сол жағалауын аяқ сумен қамтамасыз ететін су бұрғылау ұңғымаларының құрылысы жүргізудегі мақсат – инженерлік іздестіру жұмыстары. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, жеңімпаз мердігер мекеме анықталуда.

Сонымен қатар, өңір басшысы №4 тұрғын кварталындағы абаттандыру жұмыстарын көрді. Жобаны жүзеге асыруға жауапты мердігерге абаттандыру ісін желтоқсан айында аяқтайды.

Нысандардағы жұмысты саралаған облыс әкімі алдағы жылу маусымына дайындық барысын пысықтап, аяқ су мәселесі бойынша жұмыстарды жеделдетуді жүктеді. Сондай-ақ, абаттандыруды сапалы жүргізу қажет екенін баса айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: