Жалантөс Бахадүр Сейтқұлұлы атындағы «олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» КММ жатақхана ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Бұл жатақхана ғимаратында 250 тәрбиеленуші тұратын балаларға арналған Қызылорда облысындағы ірі білім беру нысандарының бірі. Мектеп-интернат кешенінің құрамына оқу ғимараты, жатақхана, асхана, көкөніс қоймасы, шаруашылық корпусы және гараждар кіреді.
Оқу-жаттығудың тактикалық ойы бойынша өрт үшінші қабаттағы жатақхана бөлмелерінің бірінде орын алып жатқаны туралы 16 сағат 15 минутта хабарлама 112 құтқару қызметіне түсті. Аталған шақырту бойынша Өрт сөндіру қызметінен арнайы күштер мен құралдар жұмылдырылды. Ал, қажетті көмек келгенше интернат қызметкерлеріне балаларды ғимараттың корпусынан шығару үшін бес минуттан аз уақыт қажет болды. Жедел жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, газ түтінен қорғау буындары ғимарат ішінде қалып қойған 4 зардап шегуші оқушны шығарды. Оқу-жаттығу мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдап, дағдыларын жетілдіреді, Оқу жаттығудың негізгі мақсаты да сол жедел топтар мен арнайы қызметтердің өзара іс-қимылын жаттықтыру.
Оқу-жаттығуға 63 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, оқу-жаттығуларға жергілікті полиция қызметкерлері, Медициналық апаттар орталығы, газ және электр желісінің апаттық бригадалары қатысты.
Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Н. Исанов өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға оң баға беріп, алдағы уақытта мұндай шараларды жиі өткізу арқылы кәсіби дағдыларды дамытуды қолға алу керек екенін атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!