Халыққа сапалы қызмет көрсету – кез келген мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің басты көрсеткіштерінің бірі. Азаматтардың күнделікті өмірінде қажетті қызметтерді қолжетімді, ашық әрі сапалы түрде ұсыну қоғамдағы тұрақтылық пен халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады. Сондықтан бүгінгі таңда қызмет көрсету саласын жетілдіру – маңызды бағыттардың біріне айналып отыр.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға, қажетті құжаттар мен игіліктерге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін маңызды жүйе. Бұл қызметтердің сапалы ұйымдастырылуы тұрғындардың уақытын үнемдеп қана қоймай, олардың тұрмыс сапасының артуына да оң әсер етеді.
Қызмет көрсету саласындағы басты қағидаттар – халыққа тең қолжетімділік жасау, ашықтық пен жариялылықты сақтау, қызмет сапасын арттыру, тиімділік пен қолайлылықты қамтамасыз ету. Сонымен қатар көрсетілетін қызметтерді заман талабына сай үнемі жетілдіріп отыру да аса маңызды. Осы бағытта Қызылорда қаласының «Талсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауыл тұрғындарына бірқатар мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетіп келеді. Атап айтқанда:
– жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
– сауда-саттықты талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
– жер учаскесін алу үшін кезекке қою;
– кент және ауыл аумағынан жер учаскесін беру;
– жер учаскесін жеке меншікке ақысын толық немесе бөліп төлеу арқылы рәсімдеу қызметтері жүзеге асырылады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мекеме ғимаратында арнайы ақпараттық бұрыштар мен түсіндірме стендтері орналастырылған. Сонымен қатар азаматтарға бағыт-бағдар беретін жауапты мамандар бекітіліп, қажетті кеңестер тұрақты түрде ұсынылады.
Мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпарат пен кеңесті 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мекенжай: Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы, Абай Құнанбаев көшесі №25
Сенім телефоны: 21-71-07
Қорытындылай келе, халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсету – тұрғындардың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, қоғамның тұрақты дамуына және елдің өркендеуіне негіз болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!