Сейсенбі, 16 шiлде, 01:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қалалық мәслихаттың кезекті 10 сессия өтті

01.10.2021

1036 0

2021 жылдың 29 қыркүйегінде калалық мәслихаттың кезекті 10-шы сессиясында «Қызылорда қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерді оырндауы туралы» және «Қызылорда қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен жақсарту шаралары туралы» мәселелері қаралды.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес, алдымен қала әкімі Ғ.Қазантаев қалада атқырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде хабарлама жасап, қала бойынша өзекті мәселелер, депутаттардың ұсыныстары 2021-2023 жылдарға арналған қаланың 3 жылдық даму жоспарында көрініс табатындығын жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге орай, қалалық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Н.Әзірбек «Қызылорда қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен жақсарту шаралары туралы» мәселесі бойынша баяндама жасады.Өз кезегінде, депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты өз ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

Сессия барысында «Қызылорда қаласында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен жақсарту шаралары туралы» мәселесін сессияға дайындау жөніндегі, уақытша комиссия төрағасы , қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ж.Нұрымбетов қосымша хабарлама жасап, егіс, бақша, мал шаруашылықтарының ғылыммен байланыста жұмыс жасамайтындықтары, шаруашылықтарды субцидиялауда кездесетін кедергілердің көптігі және субцидиялау қаражаттарының мақсатты жұмсалмауы мен мардымсыздығы, ет өнімділігін арттыру, мал тұқымын асылдандыру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру мен азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарының ерте пісетін түрлерін егіп, жергілікті нарыққа жіберу, өндірілген өнімдерді сақтайтын, өткізетін логистикалық орталықтың жоқтығы, еліміздегі су тапшылығы мен қуаңшылыққа байланысты тамшылатып суландыру әдісін өндіріске кеңінен енгізу, шабындықтарды қолдан суландыру мәселелері жөнінде ұсыныстар білдірді.

Сессия отырысына қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев төрағалық етті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: