Бейсенбі, 25 сәуiр, 12:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада электр тарату жүйелері жөнделді

17.09.2021

1680 0

2021 жылдың 17 қыркүйегінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның жаңғыртылған және қайта қалпына келтірілген нысандарына баспасөз туры өткізілді.

Акционерлік қоғамның активтерін жаңалау, қолдау, қайта жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру мақсатында, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасымен келісіп Департаменттің бұйрығымен 2016-2020 жылдарға Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен жалпы сомасы 4017,0 млн теңгеге инвестициялық бағдарламасы бекітілді.

2016-2020 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарлама бойынша акционерлік қоғаммен келесі жұмыстар орындалды:

– ұзындығы 379,7 шақырым кернеулігі 10/0,4 кВ жаңа әуе желілері құрылысы;

– ұзындығы 11,9 шақырым кернеулігі 10/0,4 кВ жаңа кабель желілері құрылысы;

– КТПН-10/0,4 кВ құрылысы – 70 дана;

– 10 кВ тарату пункті құрылысы – 1 дана.

ЕҚҚДБ жобасын іске асыру аясында есепке алу нүктелерін АСКУЭ-ге (электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі) қосу жұмысы жасалды. Бұл жерде тұтынушылардың есепке алу аспаптары олардың деректері «Альфа Смарт» бағдарламасына әрі қарай берілетін тіректерде орнатылған, атап айтқанда:

ЦРП-10 кВ тарату пунктінде есепке алудың аспаптарын АСКУЭ-ге қосу – Қызылорда қаласының қалалық электр тораптары басқармасының, 10 кВ барлық жалғанымдарын 0,4 кВ ТП-10/0,4 кВ қосалқы станцияларының фидерлері мен РУ-0,4 кВ кірмелерінде техникалық есепке алуды толық қамтуға, электр энергиясы балансы мен ағынына бақылау жасауға электр энергиясының пайдалануын және жүктеменің бірқалыптылығын, 10/04 кВ трансформаторлық станциясындағы ысыраптарды анықтауға жол ашты.

Инвестициялық бағдарламаның орындалуы нәтижесінде мына жетістіктерге қол жеткізілді, атап айтқанда: электр энергиясының нормативтік ысыраптары 15,4 пайыздан 14,7 пайызға және электр желілердің тозу деңгейі 74 пайыздан 69 пайызға төмендеді.

2020 жылы өз қаражаты есебінен 231,0 млн.теңгеге ұзындығы 1198,9 шақырым 110/35/10/0,4 кВ электр желісіне, 165 дана 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциясына, 2021 жылы 283,9 млн. теңгеге 1118,5 км 0,4 кВ және жоғары әуе желілеріне, 140 трансформаторлық қосалқы станциясына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылды.

Бүгінгі таңда жоғарыда аталған барлық жұмыстар толық көлемде аяқталды.

Жөндеу жұмыстарының мақсаты – жеткізіліп отырған электр энергиясының сапасымен сенімділігін арттыру, сонымен қатар, электр энергиясының нормативтік ысыраптарын және желілердің тозу деңгейін азайту.

-2021 жылға қарастырылған инвестициялық бағдарлама бойынша 26,98 млн.теңгеге «570 ST экскаватор-тиегіш» сатып алынды. Бүгінгі таңда 570 ST тиегіш экскаваторы апаттық жағдайларды жою мен күрделі жөндеу жұмыстарына пайдалануда. Сондай-ақ 110/35/10 кВ әуе желілерінің астын тазалау жұмыстарын атқаруда.

Модернизациялау мен реконструкциялау төңірегіндегі барлық іс-шаралар акционерлік қоғам жұмысының тұрақтылығы мен көрсетіліп жатқан қызметтер сапасының артуына әсер етеді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу

комитетінің Қызылорда облысы

бойынша департаменті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: