Жұма, 26 сәуiр, 13:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тұрғын үйлердің жай-күйі бақылауда

13.09.2021

1047 0

Өздеріңізге белгілі, қала әкімі Ғанибек Қазантаев қаланың тыныс-тіршілігін назардан тыс қалдырмай апта сайын жеке аралап, бақылауында ұстап келеді.

12 қыркүйек күні қала әкімі қалалық мәслихат депутаты Ерлан Мұсаевпен бірге бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, аула тұрғындарының ұсыныстарын тыңдады.

Әкім аялдаған Әйтеке би көшесіндегі №23 көппәтерлі тұрғын үй ауласы болды. Аулада балалар ойын алаңы, аулаішілік жолдары жөндеуді қажет ететіндігі және өзге де мәселелер жөнінде сала басшыларына тапсырмасын берді.

Аралау барысында тұрғындар Сүлейменов көшесіндегі №51 «А» көппәтерлі тұрғын үйдің аула жолын асфальттауға қатысты өтініштерін білдірді.

Қала әкімі аядай тұрғын үй ауласын оазиске айналдырған тұрғындарға алғысын жеткізе отырып, көтерілген мәселелердің оң шешімін табатындығын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: