Aqmeshit-aptalygy.kz – Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелде қанша Қазақстан азаматының құлдықта жүргенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Оның айтуынша, соңғы 2 жылда Таиландпен шекарада орналасқан Мьянма, Лоаста 200-ге жуық Қазақстан азаматы еңбек құлдығына түскен.
«Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лоас аумағында 28 қазақстандық құлдықтан шығарылды. Сондай-ақ 60-қа жуық Қазақстан азаматы елшілікке жүгінбей өз күшімен елге оралды. Қазір жоғарыда аталған елдің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында отыр деген ақпарат бар», – деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!