Жұма, 03 мамыр, 12:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әлеуметтік көмек берілмек

03.05.2023

433 0

Мереке қарсаңында мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары Ж.Сейілов, Ғ.Еркебай, Д.Ериекшов қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.  Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.

Күн  тәртібіндегі «2023-2025 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №198-28/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы  Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік ме­кемесінің басшысы Гүлнар Баймаханованың баяндамасы тыңдалды.

– Қала бюджетінің кірі­сін облыстық бюджет­тен бөлінген 9634203,5 мың тең­ге ағымдағы және даму ны­саналы трансферттері мен кредит есебінен толықтыру жоспарлануда. Қала әкімді­гінің 2023 жылғы 23 қаң­тардағы  және 10 сәуірдегі  қаулыларымен бекітілген қала бюджетінің кірісі облыстық бюджеттен бөлінген 1683 640.1 мың теңге, республикалық бюджеттен бөлінген 11900276 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері есебінен көбейтілгені еске­рілді. Қалалық бюджеттің түсімдерін 1412819 мың теңге­ге арттыру жоспарлануда.

Шығындарға келетін болсақ, биыл­ғы 1 қаң­тардағы  жағдай бойынша қала­лық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің 2022 жылдың қорытындысымен қала­лық бюджетке барлығы 846 674, 1 мың теңге бос қалдығы қалыптасқан. Өткен жылдың қорытындысымен кент және ауылдық округ бюджеттерінде 180844,9 мың теңге бос қалдық қалыптасқан. Оның 2,9 мың теңгесі облыстық бюджетке, 74,3 мың теңгесі қалалық  бюджетке қайтарылды.

Ал 1763427, 6 мың теңге қалалық мәс­лихат аппараты, қала әкімі аппараты және қалалық бөлімдердің қажетіне, қаланы және елдімекендерді абаттандыруға, газ тасымалдау жүйесін дамытуға және аса қажетті деген мақсатқа жұмсалды.  Мәселен, Ақжарма ауылдық округіндегі Тасымов, Иманов, Құдайбердиев, Талды­арал, Молдағұлова көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы жасалмақ.

Келесі кезекте «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме­сінің басшысы Ж.Абатовтың  хабарламасы тыңдалды. Онда «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жергілікті ведомоствоаралық  комиссияның дербес құрамы жаңадан  бекітілгені айтылды.

«Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөл­шерлерiн белгiлеудің және мұқ­таж азаматтардың жекелеген санат­тарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 жел­тоқсандағы №427-73/10 шешіміне өз­геріс енгізу туралы «Қызылорда қала­сының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал акті­лерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының орын­басары С. Сейдахметов  баяндады.

– Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем ретінде 9 мамыр жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, бұрынғы Кеңестік Социалистік республикалар Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушіле­ріне 400 айлық көрсеткіш мөлшерінде, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі  мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР одағының ордендерімен және медальдарымен  наградталған адам­дарға алпыс айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төленеді. Сондай-ақ басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаржы төленбек. 

Мұнан соң Қызылорда қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған ту­ристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы қалалық кәсіпкерлік, өнер­кәсіп және туризм бөлімінің басшысы  Б.Аманкелдиев баян етті.

Шешім жобасы «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы Үкіметтің 2021 жылғы қаулысына сай әзірленіп, тиісті орган­дардан қорытынды мен облыстық Әділет департаментінен келісім алынған. Туристерді орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен күн­тізбелік жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеген немесе артқан жағдайда шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 1 пайыз бен 5 пайыз аралығында өзгеріп отырады. Шетелдіктер үшін туристік жарна  қаланың бюджетіне салықтық емес түсім болып кірістеледі және бұл жобаға қаржы бөлу талап етілмейді.

Күн тәртібіндегі алтыншы мәселе  бойынша  «Қызылорда қалалық мәсли­хатының аппараты» коммуналдық мем­лекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің  қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәс­лихатының  2022 жылғы 16 қыркүйектегі №180-24 /9 шешімін жойылды деп тану туралы Қызылорда қалалық мәслихатының  төрағасы Ибадулла Құттыхожаев баян етті.

– «Мемлекеттік әкімшілік қызмет­шілердің қызметін бағалаудың кей­бір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы  16 қаңтардағы №13 бұйрығымен  бекітілген әдістеменің 2 тармағында «Мемлекеттік орган­дардың бірінші бас­шылары осы әдістеменің негізінде мемлекеттік орган қызметінің ерек­шелігін ескере отырып бекітеді» деп көрсетілген.  Осы ретте «Қызылорда қалалық мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік меке­месінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың «әдісте­месін бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәс­лихатының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №180-24/ 9 шешімінің күші жойылуға жатады, – деді қалалық мәслихат төрағасы.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: