Сейсенбі, 26 қараша, 02:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Агро кеңестің көшпелі жиыны өтті

12.10.2021

852 0

«Nur Otan» партиясы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі тапшылық пен бағаның өсуіне жол бермеу үшін өңірлердегі азық-түлік қорларын қамтамасыз ету мәселелерін бірнеше рет көтерген болатын. Бүгінгі таңда негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы мәселесі өткір болып тұр. Осыған орай облыстық партия филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның азық-түлік қорларын сақтау қоймасы жұмысымен танысып, көшпелі жиын өткізді.


«Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның 2 азық-түлік қорларын сақтау қоймасында 5000 тонна өнімді сақтауға мүмкіндік бар. Бүгінгі күні қоймада 616 тонна ұн, 96,1 тонна күріш, 235,4 тонна қант, 71,6 тонна макарон, 21,9 тонна қарақұмық жармасы сақтаулы. 300 тонна ұн қазіргі жаңа астықтан өндірілген өнімге айырбасталып, нан бағасын тұрақты ұстау мақсатында қаладағы ең ірі 5 наубайқанаға жөнелтілмек. Қазіргі таңда тұрақтандыру қорына 306 тонна өсімдік майы, 1000 тонна картоп, 200 тонна жуа, 100 тонна сәбіз, 50 тонна қырыққабат, 100 тонна күріш пен 368 тонна қарақұмық жармасын сатып алу (ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімі) жұмыстары жүргізілуде. Тұрақтандыру қорының өнімдері мен айналым схемасы бойынша қамтамасыз етілетін өнімдер «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-на қарасты 34 әлеуметтік дүкенде, оның екеуі ет өнімдерін сатуға арналған қосымша Қызылорда қаласында орналасқан 15 ірі супермаркеттерінде келісім бойынша ашылған әлеуметтік бұрыштарда сатылуда, жыл соңына дейін тағы 5 дүкен салынбақ, – дейді «Байқоңыр» ӘКК төрағасының орынбасары Жеңісбек Ахметов.

Агро кеңестің көшпелі жиыны өтті


Бағаның өсуі көпшілікті алаңдататындығы белгілі. Нақты шаралар қабылданбаған жағдайда бағалар маусымдық мерзім басталғанға дейін өсуі мүмкін және әлеуметтік наразылықтың өсуіне әкелуі мүмкін. Бүгін партия филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері тұрақтандыру қорының жұмысын бағамдадық, Әрине бағаның өсуі барлық өңірлерде байқалады. Бұл ауа-райына байланысты өнімнің аздығынан туындап отыр деп ойлаймыз. Дегенмен, жергілікті билік, партия тарапынан әлеуметтік маңызы бар өнімдердің негізсіз өсуіне жол бермеудің тиімді шараларын қарастырып жатқандығына біз куәміз. Және бірге жүзеге асыруға жұмыс жасайтын боламыз деді кеңес төрағасы Бақдәулет Махашов.


Көшпелі жиында бағаны тұрақтандырудың барлық механизмдері талқыланып, тиісті ұсыныстар айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: