Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекованың мәлімдеуінше, өңірде ахуал тұрақталып келеді.
– Ірі сауда орталықтары мен базарлардың азық-түлік сататын бөліктері жұмысын бастады. Қоғамдық көліктерді де кезең-кезеңімен шығару жүзеге асырылуда. Еріктілер бұзылған, залал келген аумақтарды тазарту, ретке келтіру жұмыстарына жұмыла кірісіп жатыр. Олар сондай-ақ, блок-бекеттердегі тәртіп қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізуді де қолға алған. Жалпы өңірдегі ахуал облыс әкімі жетекшілік ететін облыстық арнайы штабтың қатаң бақылауында, – дейді басқарма басшысы.
Айта кетейік, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында 5 блок-бекет қойылған. Олар Тұңғыш Президент паркі, Қызылорда – Павлодар – Жезқазған, Қызылорда – Жалағаш автожолында және Самара – Шымкент автожолында 2 блок-бекет орналасқан.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!