Жұма, 27 желтоқсан, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін өскен

12.05.2022

1245 0

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.

Қазақстандағы инфляция, біздің болжамымызға сәйкес, наурыздағы 12%-дан сәуірде барлық компоненттер бойынша баға жылдам өскендіктен 13,2%-ға дейін қарқын алды. Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін қымбаттады. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне ең көп үлесті қант, қырыққабат, күнбағыс майы қосып келеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта сайынғы өсуі тұрақтанды. Алайда, наурызда жекелеген азық-түлік тауарларға сұраныс артқандықтан бағаның жылдық өсімі жоғары деңгейде сақталып отыр, – деді ол.

Пірматовтың айтуынша, сыртқы инфляциялық фон сәуірде 10,9%-дан 11,1%-ға дейін жеделдеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасына өсім тұрғысынан қысым көрсетуін жалғастырып келеді.

Ақылы қызмет көрсету бағасының өсуі 8,3%-дан 8,9%-ға дейін жеделдеді, бұл бірқатар нарықтық қызметтер бағасының өсуіне байланысты болды. Инфляциялық тәуекелдерді ескере отырып, инфляция жыл соңына дейін жоғары деңгейде сақталатын болады. Экономиканың, ішкі және сыртқы сұраныстың оң серпіні кезінде жалғасып отырған фискалдық ынталандыру аясында, сонымен қатар әлемдегі және Қазақстанның сауда әріптес елдеріндегі бағаның өсуі есебінен инфляциялық қысымның және инфляциялық күтулердің артуы жағдайында Ұлттық Банк 25 сәуірде базалық ставканы 50 базистік тармаққа 14%-ға дейін көтерді, – деді Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов. 

baq.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: