Бейсенбі, 25 сәуiр, 19:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Байқоңыр-Қызылорда: Жастар бірлікті қолдайды

25.11.2022

488 0

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының жастарына Сырдың бас шаһарына арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Бұл туралы қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экскурсия аясында  40-тан астам Ресей Федерациясының жастары ең алдымен киелі Қармақшы ауданында орналасқан «Қорқыт Ата» мемориалдық кешеніне барып, түркі жұртына ортақ зиярат ету орнымен танысты. Кешен жанынан ашылған мұражай экспозициясындағы құнды материалдармен танысып, рухани мол мағлұмат алды.

Байқоңыр жастары мұнан кейін облыс орталығы Қызылорда шаһарына келіп, аймақ жастарын қызмет ететін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жұмысымен танысты. 2019 жылдан бері аймақ жастарын әдістемелік сүйемелдеу мен жан-жақты қолдау мақсатында ашылған орталық ғимаратының құрылысы, арнайы жабдықталуы мен креативті дизайны ресейлік жастарға айрықша әсер қалдырды.

Сонымен қатар сапар аясында Ресей Федерациясының Мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының басшысы Жанна Нукатаевна Ким Жастар ресурстық орталығының басшылығына шексіз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да тығыз әріптестік байланыс орнатуға ниетті екенін білдірді. Сондай-ақ байқоңырлық жастардың көшбасшысы арнайы сый-сияпатын ұсынды. Өз кезегінде облыстық «Жастар ресурстық орталығы»  КММ-сі директорының орынбасары Ерлан Мырзалыұлы барша келген қонақтарға алғыс айтып, ата дәстүрге сай арнайы қонақкәде ұсынды.

Байқоңырлық жастар облыс орталығына сапары барысында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне де бас сұқты. Мұражайда экскурсовод тарихи жәдігерлер мен құнды мұраларды қос тілде қатар таныстырып, ресейлік азаматтарға сыр өлкесі жайында тарихи мазмұны терең ақпараттарды жеткізді. Экскурсия соңында қос елге қатар мәлім музыкант Батырхан Шүкенов атындағы саябаққа барып, барлық жастар естелік суретке түсті.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: