Сенбі, 21 желтоқсан, 23:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Бюджеттен Елбасы кеңсесіне бөлінетін қаражат қысқарды

06.01.2023

865 0

Сурет ашық дереккөзден

2023 жылы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне бөлінетін қаржы өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиард теңгеге азайған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«2023-2025 жылдарға арналған респубикалық бюджет туралы» заң нормасында көрсетілгендей, биыл бюджеттен Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне бөлінетін қаржы 1 миллиард 678,6 миллион теңгеге тең. 

Бюджеттен бөлінетін қаржы екі бағытта жұмсалады. Бірі – Елбасының қызметіне, екіншісі – Елбасы кітапханасына. Қаржының басым бөлігі, яғни 969,7 миллион теңгесі дәл осы кітапхана қызметіне арналған. 

Ал Елбасының қызметін қамтамасыз ету жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін 708,9 миллион теңге бөлінген. 

Келесі 2024 жылы Елбасы кеңсесіне бөлінетін қаржы 1 миллиард 994,5 миллион теңгеден асады. 2025 жылы экс-президент кеңсесіне 2,15 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. 

Салыстыру үшін айта кетейік, 2021 жылы бюджеттен экс-президенттің кеңсесіне 2,1 миллиард, 2022 жылы 2,6 миллиард теңге бөлінген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: