Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Босанған әйел ұлын дәретхана шұңқырына тастап кеткен

17.08.2023

610 0

Қырғызстанда әйел дәретханада босанып, ұлын сол жерге тастап кеткен, – деп хабарлайды 24.kg.

Тергеу мәліметтері бойынша 32 жастағы С.М. дәретханада босанған соң баланы шұңқырда тастап кеткен. Алайда нәресте құтқарылды.

Сарапшылардың пікірінше, әйел жүктіліктің 38-39-аптасында босанған, баланың салмағы – 3 келі 540 грамм. Нәрестенің аяғының терісі зақымданған. Одан ауыр жарақаттар анықталған жоқ. Айыпталушыдан да психикалық ауытқу белгілері анықталмады. Сот отырысы кезінде ол кінәні жартылай мойындады. Сотталушы туыстарына қонаққа келгенін, біраз уақыттан кейін дәретханаға барғанын айтты. Оның сөзінше, күшенген кезде баланың басы көрінген. Ол солай бала шұңқырға құлағанын айтты. Айыпталушы бала жыламағанын, сондықтан оны өлі деп ойлағанын жеткізді. Сондай-ақ, әйел не істеу керек екенін білмей, дәретханадан шыққанын айтты. Біраз уақыттан кейін оның әпкесі үйге кіріп, дәретханада бала жылап жатқанын айтқан. Нәресте көршілерінің көмегімен шығарыған. С.М. жеңіл жаза сұрап, оның тағы үш қызы бар екенін айтты», – делінген үкімде.

Басылым мәліметінше, әйелдің жұбайы Ресейде, ал бала қазір анасымен бірге. Сот шешімімен әйелді бір жылға пробациялық қадағалауға үкім шығарылды.

Еске салайық, бұған дейін әйел үйде босанған баласын сөмкеге салып, көшеге тастап кеткені хабарланған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: