Сенбі, 20 сәуiр, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Былтыр қалада 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

29.01.2023

525 0

Бүгін баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бағлан Аманкелдиев Қызылорда қаласы бойынша жаппай кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

  • Қызылорда қаласында 2022 жылы 35 411 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 309,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Сонымен қатар, 8364 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс бойынша белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 48,2%-ы Қызылорда қаласының үлесінде, – деді бөлім басшысы Бағлан Бақытжанұлы.

Өткен жылы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 14,8 млрд. теңгені құрайтын 1775 жоба қаржылай қолдау тауып, 2073 жаңа жұмыс орны құрылған. Қаржылай жеңілдіктерге қол жеткізген жобалардың 28%-ы қызмет көрсету саласында, 25%-ы сауда саласы бағытында, 26%-ы ауылшаруашлығы бағытында, 21%-ы өндірістік бағытта қызмет көрсетуде.

Оның ішінде, «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында субсидиялау бағыты бойынша 11,8 млрд теңгені құрайтын 758 жоба қолдау тапса, Қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша 56,6 млн.теңгенің 16 жобасы қаржыландырылды.

Ал, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 280,2 млн.теңгені құрайтын 45 жоба қаржыландырылып, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жоба құны 819,6 млн.теңгені құрайтын 101 жоба қолдау тапты.

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың 2021 – 2025 жылдарына арналған жол картасы» аясында «Іскер» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы 53,1 млн.теңгеге 11 жоба, «Групп Инвест» ЖШС-гі арқылы 52,5 млн.теңгеге 7 жоба, «Atameken Qyzylorda» МҚҰ-ы арқылы 188,1 млн.теңгеге 25 жоба қаржыға ие болды.

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның» Қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша жоба құны 997,3 млн.теңгені құрайтын 814 кәсіпкер қаражатқа қол жеткізді.

  • Бұл жобалардан бөлек, Қызылорда қаласында «Өнеркәсіптік-инновациялық жобалардың бірыңғай индустрияландыру» картасы аясында «Нұр Орда жолы», «Вега Пром» Серіктестіктерінің асфальтбетон және құрғақ құрылыс қоспаларын шығару жобалары іске қосылды. Өткен жылдың соңында картадан тыс жеке кәсіпкер «Пиримжановтың» есік шығару цехы, «Строительно-Транспортная Компания» ЖШС-нің темірбетон бұйымдарын шығару жобалары іске қосылды. Сонымен қатар, жыл көлемінде 11 сауда үйі, 61 сауда нысандары ашылып, 542 адам жұмыспен қамтылды, – деді бөлім басшысы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: