Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Алғыс айту күніне орай Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтерлер және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері сауапты іс бастады.
«30 игі іс» марафоны аясында қаланы тазартумен айналысатын азаматтарға еріктілер ыстық шай мен бәліш ұсынды.
Облыстық ҚХА волонтері Артём Кошман «Осы акция арқылы біз қаламыздың тазалығы үшін үлкен жауапкерлішікпен қызмет етіп жүрген жандарға жылылық сыйлауды көздедік. Мейірімді іс-әрекеттер арқылы біз айналамызға достық атмосфераны қалыптастырып, бір-бірімізге қамқор болуға үгіттейміз, – деді.
Өз кезегінде қала тазалығын сақтаушылар еріктілердің ықыласына ризашылықтарын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!