Бейсенбі, 28 қараша, 02:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Карантин: Діни басқарма ауызашарды ұйымдастыру ережесін түсіндірді

02.04.2021

2673 0

Биыл Ораза айы кезінде ауызашар рәсімін санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастыруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен кеңейтілген төралқа мәжілісінде белгілі болды. 

Онда санитарлық талаптарды сақтай отырып ауызашарды ұйымдастыру жайы қаралды.

ҚМДБ Мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырып ауызашарлар ұйымдастыру, Ораза айт мерекесіне орай мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ұйымдастыру, Ораза айт күндері қарттар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл сыйлау секілді іс-шаралар атқарылатынын жеткізді.

Марат Жаппасбаев пандемияға байланысты бұл жұмыстар барынша сақтықпен өтетінін айтты. Дегенмен Бас мүфти «жасыл аймақтарда» орналасқан өңірлер Рамазан айын мүмкіндігінше қалыптасқан дәстүрге сай өткізу қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, аталған жиында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров биыл бірнеше ірі жоба дайындалып жатқанын, оның ішінде «Рамазан керуені» сынды шалғайдағы ауылдарды қамтитын қайымдылық іс-шаралар бар екенін жеткізді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Рамазан айы 30 күн болады. 13 мамыр – Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: