Жұма, 03 мамыр, 04:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кезектен тыс жиырма алтыншы сессия өтті

17.11.2022

464 0

Қызылорда қалалық мәслихатының мәжіліс залында кезектен тыс  жиырма алтыншы сессиясы өтті. Сессия отырысына мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, кент және ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Сессия отырысына мәслихат хатшысының міндетін атқарушы М.Жүсіп төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы мәселесі шығарылып, талқыланды. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Баймаханова аталған мәселе бойынша хабарлама жасап, депутаттардың сауалдарына жауаптар берді. Сессия барысында мәслихат депутаттары тарапынан жол жөндеу, депутаттық сауалдардың орындалу сапасы, мәдениет саласының өзекті мәселелері, ойын алаңдарын салу, жеке оқу орталықтарының қызметіне қатысты және басқа да сауалдар көтеріліп, талқыланды.

– «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы сессиясының №94-15/1 шешіміне өзгерістер енгізуді ұсынып отырмыз. Қала бюджетінің кірісін облыстық бюджеттен бөлінген 838 221,4 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері есебінен көбейтіп, ҚР бюджет кодексіне сәйкес кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің кейбір бюджеттік бағдарламаларына жасалған секвестр есебінен 89 926,8 мың теңгеге азайту жоспарлануда. Сондай-ақ, облыстық бюджет комиссиясының шешімімен «Мемлекеттік бюджеттен берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу» коды 1 641 446,5 мың теңгеге қысқартылып, бұл  сома 301103 «Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер» кодынан азайтылды. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының осы жылдың 10 айының қорытындысымен қала бюджеті кірістерін сапалы орындау мақсатында кейбір салық көздері бойынша болжамдық көрсеткіштерді қайта қарау ұсынысы ескерілді. Қала әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №934, 21 қазандағы №1154 және  3 қарашадағы №1233 қаулыларымен республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 118 104,2 мың теңге ағымдағы нысаналы және 237 400,3 мың теңге нысаналы даму трансферттері мен 3 149 066 мың теңге кредит сомасы ескерілді. Осыған байланысты шешімнің 1 тармағының 1 тармақшасы барлығы 117 780,6 мың теңгеге көбейіп, 62 988 161,4 мың теңгені, оның ішінде салықтық емес түсімдер 420,0 мың теңгеге азайып 927 985,0 мың теңгені, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 075 525,3 мың теңгеге азайып 6 725 043,8 мың теңгені, трансферттердің түсімдері 2 193 725,9 мың теңгеге көбейіп 44 887 150,9 мың теңгені, ал қалалық бюджет кірістерінің көлемі 71 167 678,5 мың теңгені құрауда, – деді Г.Баймаханова.

Бөлім басшысының айтуынша, қала бюджетінің шығындары облыстық бюджеттен бөлінген 838 221,4 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері есебінен көбейген. Сонымен қатар, қала бюджетіне енгізілген түзетулер барысында республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1 118 104,2 мың теңге ағымдағы нысаналы және 237 400,3 мың теңге нысаналы даму трансферттері мен 3 149 066 мың теңге кредит сомасына артты. Сондай-ақ, облыстан Қызылорда қаласының жылдық кіріс түсімдері болжамының орындалмауына байланысты жоғалтуларын өтеуге 800 000 мың теңге беріліп, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС-і мен ЕҚҚДБ арасындағы автобустар сатып алу жөніндегі несиелік келісім шартқа сәйкес төленуі тиіс қарызын қайтару көзделуде.

Кейбір бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және пайдаланылмаған 188 259,8 мың теңгенің 89 926,8 мың теңгесіне секвестр жасалынған. Ал қалған 98 333 мың теңге қаржы қалалық кәсіпкерлік және туризм  саласын дамытуға, ауылшаруашылық, жұмыспен қамту, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек,елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға бөлуді жоспарлауда.

Сессия соңында халық қалаулылары қаралған мәселені бір ауыздан қолдады.

Ақмарал ОЛЖАБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: