Сенбі, 30 қараша, 11:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95-2105
30.11.2024
PDF мұрағаты

Министр Дархан Қыдырәлі облыс тұрғындарымен кездесуде

03.11.2022

1029 0

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сыр еліне жұмыс сапары аясында облыс тұрғындарымен кездесті. «Достық үйінде» өтіп жатқан жиынға аймақтың зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты, – деп хабарлайды «Сыр бойы«.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысының ашық азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты секілді негізгі салаларда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Үкімет мүшесі ретіндегі алғашқы сапарын Алаштың анасы атанған Сыр елінен бастап отырғанын, негізгі мақсат аймақ халқының ұсыныс-тілегін тыңдау екенін айтты.

Айта кетейік, кездесуден соң министр «Достық үйінде» азаматтармен жеке қабылдау өткізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: