Бейсенбі, 28 наурыз, 17:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Н.Нәлібаев: Су жүйесі, Жылуэлектрорталығы, Электр тарату компаниялары жекешелендірілмейді.

03.08.2022

929 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халық үшін аса маңызды нысандар жекешелендірілмейтінін баса айтты.
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта қаралды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қызылорда облысында жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес бәсекелестік ортаға беруге жататын 13 нысан енгізілген. Өткен жылы сауда-саттыққа 9 объект көзделіп, 3 нысан сатылды.
Комиссия отырысының қорытындысымен Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулер қаралып, аймақтағы 4 нысанды жекешелендіру тізбесінен алып тастау мақұлданды.
«Қызылорда Су жүйесі», «Қызылорда жылуэлектрорталығы», «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» секілді маңызды нысандар жекешелендірілмейді. Бұл нысандар мемлекеттік меншікте болуы керек. Мәдени нысандар мен демалыс паркі де мемлекеттің меншігінде болады. Сондықтан бұл бағытта халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді Н.Нәлібаев.


 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: