Сәрсенбі, 17 шiлде, 15:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті

31.05.2023

1159 0

Бүгін Қызылорда қаласы «Арай» шағын ауданындағы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арнап орнатылған ескерткіш басында тарих қатпарындағы қасіретті кезеңді еске алу іс-шарасы өтті.

Елімізде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев зиялы қауым өкілдерімен бірге нәубетке ұшыраған боздақтар рухына тағзым етті.

Іс-шарада зиялы қауым өкілдері, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық жұмысшы топ өкілдері және тарихшы-ғалымдар, қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Мұнан кейін аймақ басшысы «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде құрбандардың рухына құран бағыштады.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: