Бейсенбі, 11 маусым, 23:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Ой додасындағы озықтар анықталды

05.06.2026

17 0

Фото: ҚАЖ департаменті

Жазғы спартакиаданың кезекті кезеңі де өз мәресіне жетті. Яғни, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер арасында өткен шахмат пен шашка жарысы ой ұшқырлығы мен зейінді сынаған тартысты бәсекеге ұласқан еді.

Қарсыластан басым түсуге тырысып, қатысушылар ұтылмаудың қамымен ұтымды шешім іздеді. Дей тұрғанмен, ақыл бәйгесінде асығы алшысынан түскендер ғана алға озатыны мәлім. Жарыс нәтижесі бойынша, жеңімпаздар анықталып, мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әділет майоры Мирамбек Тұрымбетов марапаттады.

– Жарыс барысында өз мүмкіндігімді толық пайдаланып, әр жүрісті мұқият жоспарлауға тырыстым. Қарсыластарым да осал болған жоқ, дегенмен, сабыр сақтап, сенімді қадам жасаудың арқасында жеңіске жеттім. Бұл жеңіс маған үлкен сенім беріп, алдағы уақытта да өзімді жетілдіруге жігерлендірді, – дейді жазасын өтеуші азамат.

АКАӘПТЖББ-ның жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Бабахан Алтынбектің айтуынша, мұндай іс-шаралар адамның өзін дамытуына және уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.

З.Қонысжан,
№68 мекемесінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: