Жексенбі, 22 желтоқсан, 18:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Павлодарда нан сататын дүңгіршекте егеуқұйрық жүрген

16.06.2024

529 0

Сурет:Тұрар Қазанғапов/Көрнекі сурет

Павлодарда нан сататын дүңгіршектің иесіне айыппұл салынды. Мамандар тексерісті аяқтады, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Портал мәліметінше, 4 маусымда қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Назарбаев көшесі бойында тұрған дүңгіршектегі нан-тоқаш өнімдерінің үстінен егеуқұйрық жүгіріп жүргені туралы шағым түскен. Басқарма қызметкерлері жоспардан тыс тексеріс ашып, кәсіпкерлік нысанға барғаны айтылды.

«Тамақ өнімдерін сақтау және өткізу кезінде санитарлық нормалардың бұзылуы анықталды», – деді басқарма өкілдері.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігіне және 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке кәсіпкерге қатысты шаралар қабылданды. Ол 250 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау керек. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: