Дүйсенбі, 20 қаңтар, 18:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4-2117
18.01.2025
PDF мұрағаты

Перзентханада нәресте сатылған

20.01.2025

97 0

Фото: Pixabay.com

Ақтөбе облысының полицейлері облыстағы перзентханалардың бірінде жаңа туған нәрестені сату оқиғасын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы тергеу жүріп жатқанын алға тартып, бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.

«Ақтөбе облысының полицейлері жаңа туған нәрестені перзентханада сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайлар мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасады», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Қазақстанда 2024 жылы бала сатудың алты оқиғасы тіркелгені белгілі болды. Негізінен балалар ел ішінде сатылған. 

«Кейбір физиологиялық себептерге байланысты бала сүюге мүмкіндігі жоқ адамдар бар. Олар белгілі бір сұранысты тудырады. Олардың сұранысын қанағаттандыратын адамдар бар. Мұны перинаталдық орталықтардың, балалар үйлерінің қызметкерлері және жүктілікті жоспарламаған тұрғындар жасайды», – деді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Елімізде бала саудасы үшін 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: