Бейсенбі, 06 ақпан, 13:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Қазалы ауданында облыс әкімінің жеке қабылдауы өтті

06.02.2025

16 0

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге аудан әкімдігінде тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға келген 87 азамат «Карлаң» және басқа да көпірлердің құрылысын жалғастыру, әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үй, электр, газ желісін тарту, әлеуметтік көмек, жер телімі, аяқ су тарту, жұмысқа орналасу, денсаулығына байланысты мүгедектік алу, тағы басқа мәселелерді көтерді. Облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшылары азаматтар қойған сауалдарды жан-жақты қарап, заң аясында тиісті түсіндірме берді. Әйтеке би кентінің тұрғыны аудан орталығындағы тарихи ғимараттарды жаңғырту мәселесін көтерді. Аймақ басшысы бұл нысандардың тарихи-мәдени құндылығын, оларды келешек ұрпақ кәдесіне жарату үшін жұмыстар қолға алынатынын айтты. Сондай-ақ, қабылдауға келген тұрғын Қазалы ауданының сол жағалау алабының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 қашыртқылар жүйесін қайта жаңғырту мәселесін қозғады. Облыс әкімі бұл мәселе назарында екенін, сол жаға массивінің инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға облыстық, аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынғанын атап өтті. Құқық қорғау органдарының басшылары келушілерді тыңдап, қойған сауалдарына қатысты заңдық кеңес берді. Барлық мәселе жан-жақты таразыланып, заң аясында шешім шығарылатынын айтты.Кейінгі жылдары дәстүрге айналған осындай қабылдаулар алдағы уақытта Арал және Қармақшы аудандарында ұйымдастырылады. Қабылдаудан кейін облыс әкімі еңбек ардагерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кейбір мәселелерді талқылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: