Бейсенбі, 02 мамыр, 11:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық урбанистер аймақты дамытуда жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

30.01.2023

505 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласының даму перспективалары жөніндегі мәжіліс өтті.

Жиында өңірге арнайы келген сарапшылар – Қазақстандық урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Аукенов, қауымдастықтың атқарушы директоры Мадияр Дәуірбаев және «ENVICON» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Роман Шнайдермен баяндама жасады.Аймақ басшысы қазіргі таңда облыс орталығы қарқынды дамып келетінін айтты. Халық саны да артуда. Сондықтан тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру өте маңызды.

«Бүгінгі отырыста алдынғы қатарлы мемлекеттердің қалаларды дамытудағы оң тәжірибелері таныстырылып, Қызылорда қаласының даму перспективалары талқыланатын болады. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда Қызылорда қаласы қарқынды өсіп келеді. Қала аумағы кеңейіп, жаңадан тұрғын аудандар бой көтеріп, халық саны да артуда. Бұл, өз кезегінде, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жайлы орта қалыптастыру, қала аумағын көркейтіп, көгалдандыру қажеттігін тудырады. Қазірде бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта жоспарларымыз да ауқымды. Қала аумағын дамытуда сала мамандарының пікірлері біз үшін өте маңызды», – деді облыс әкімі.

Қазақстандық урбанистер қауымдастығының төрағасы Ерлан Аукенов еліміздегі қала дамыту тенденцияларын талдап, әлемдік урбанистиканың үздік тәжірибесін таныстырды. Атап айтқанда, қала келбетін әрлеп, қоғамдық кеңістіктерді жайлы әрі тұрғындар үшін қолайлы ету бойынша ұсыныстарын жеткізді. «ENVICON» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Роман Шнайдермен компания қызметі туралы баяндап, Қызылорда қаласын дамыту жөнінде пікірімен бөлісті.

Жиын соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, мұқият қарастырылатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Қазақстандық урбанистер қауымдастығымен бүгінде Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Тараз және басқа да қалаларды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылуда.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: