Жексенбі, 24 қараша, 17:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Құқық құрығы

10.02.2022

437 0

Ішімдік ішіп, көлік айдаған 61 жүргізуші ұсталды

Қызылорда қаласының полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық жұмыстарын атқаруда. Аталған жұмыстар нәтижесінде соңғы бір айда масаң күйде көлік тізгіндеген 61 автокөлік иесі анықталды.

Жуырда полицейлер Ажаров көшесінің бойында жол ережесін бұзған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін тоқтатқан.  Тексеру барысында көлікті тізгіндеген 24 жастағы қала тұрғынының құжаттары жоқтығы анықталды.  Оның былтыр cәуір айында соттың шешімімен көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болды. 

Осыдан соң патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісін наркологиялық диспансерге алып барып, медициналық тексеруден өткізген. Сараптама қорытындысына сай азамат «орта дәрежедегі» алкогольді масаң күйде болғандығы анықталды. Бүгінде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. 

Көлік ұрлаған

Жуырда белгісіз адам  Жаппасбай батыр – Қорқыт ата көшелері қиылысында «Daewoo Nexia» және  Қазақстан көшесінің бойында орналасқан жеке меншік үйдің алдында тұрған «Niva 2121» автокөліктерінің есігін кілт іріктеу арқылы  ашып кіріп, белгісіз бағытқа айдап кеткені жөнінде «102» арнасына хабарлама түскен.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы  қылмыскер көпқабатты үйлердің ауласында ұрланған автокөліктерді жасырғаны белгілі болды. Кезекшілікке түскен «Боран – 9» қызметкерлері оқиға орнына жіберіліп, қылмыскер сол аралықта ұсталды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын көлімі 2 миллион теңгеге жуық.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы үкім шығарылды.

Масаң күйде көлік тізгіндеген

Жуырда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері орталық көшелердің  бірінде жеңіл автокөлік жүргізушісінің ішімдік ішіп, рөлге отырғандығын анықтады.

Жүргізуші сол жерден наркология орталығына жеткізіліп, медициналық тексеруден өткізіліп, автокөлігі айып тұрағына қойылған.

 Медициналық куәландырудың қорытындысымен көлік жүргізушісінде  мастықтың «орта» дәрежесі екені анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімделді.

Заңсыз қару сақтаған

«Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында 33 жастағы Жалағаш тұрғынының сарайынан ІІО тіркеуде жоқ 16-калибрлі, 1 ұңғылы, нөмірсіз аңшы мылтығы табылды.

Осы тектес дерек Жаңақорған ауданында да болды. Аудандық полиция бөлімінің қызметкері 21 жастағы аудан тұрғынының үйін тексеру кезінде ІІО-да тіркеуде жоқ, 2 ұңғылы, 16 калибрлі, аңшы мылтығын заңсыз сақтағанын анықтаған.

Анықталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен  әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, сотқа жолданды.

Пәтерден табылған апиын

Полицейлер жақында күдікті азаматтың жеке пәтерінен есірткіге ұқсас затты анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, экстракциондық апиын екені дәлелденді. Сонымен қоса күдіктімен сыбайлас тағы 4 азамат ұсталды. Олар бұрын сотты болғандар.

Оқиға орнынан 6 еріткіш құтысы, 25 медициналық шприц, 9 аммияк ерітіндісінің құтысы және асхана бөлмесіне қажетті құрал-саймандар айғақ зат ретінде алынды.

Бүгінде аталған дерек бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ұялы телефон иесіне  қайтарылды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.

Жуырда қала тұрғыны тұрғылықты мекен-жайына қайту үшін таксиге отырып, сол аралықта «Samsung А – 32» үлгісіндегі  ұялы телефонын ұрлатып алған. Жәбірленушіден түскен шағымнан соң полиция қызметкерлері  іздеу жұмыстарымен айналысқан.

Полицейлердің шұғыл іс-қимылынан соң ұрлық жасаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге ұялы телефоны қайтарылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Динар Рахман

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: