Құрылтай

Бейсенбі, 16 шiлде, 13:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

Цифрлық теңгені қолма-қол ақшаға айналдыруға бола ма — Ұлттық банк жауабы

16.07.2026

72 0

Фото: Kazinform/ЖИ

ҚР Ұлттық банкі сауалымызға жолдаған жауабында 18 шілдеде қолданысқа енетін цифрлық теңге қалай пайдаланылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM 

— Цифрлық теңгені қолма-қол ақшасыз қызметтерді қолданғаныңыздағыдай, банк қосымшалары немесе карталар арқылы пайдалануға болады. Екінші деңгейлі банктер мен басқа да төлем қызметтерін жеткізушілер цифрлық теңге платформасында операциялар жүргізе алады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, цифрлық теңге құны жағынан қолма-қол және қолма-қолсыз ақша түріндегі теңгемен бірдей. 1 цифрлық теңге қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түріндегі 1 теңгеге тең.

Одан бөлек, цифрлық теңгені айырбастау үдерісі қиын болмайды.

— Цифрлық теңгені қолданыстағы инфрақұрылым, яғни банкоматтар мен екінші деңгейлі банктердің кассалары арқылы, цифрлық картаны пайдалану арқылы немесе банк бөлімшесіне барған кезде қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Цифрлық теңгені қолма-қолсыз ақшаға айырбастау процесі екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы немесе банк бөлімшесіне бару арқылы жүзеге асырылады, — делінген Ұлттық банк жауабында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: