Құрылтай

Бейсенбі, 16 шiлде, 14:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52 (2264)
14.07.2026
PDF мұрағаты

18 шілде цифрлық теңге қолданысқа енеді

16.07.2026

40 0

Коллаж: Kazinform/ Canva

18 шілде цифрлық теңге қолданысқа енгізіледі. Ол «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына сай жүзеге аспақ, – деп хабарлайды KAZINFORM 

Заңға сәйкес, цифрлық теңгемен алыс-беріс ҚР Ұлттық банкінің цифрлық платформасында жүргізіледі.

Алдымен азаматтар ҚР Ұлттық банкі жəне цифрлық теңге платформасының өзге де қатысушыларымен цифрлық шот шартын жасасуы тиіс. Содан кейін клиенттің өтінімі негізінде цифрлық шоты ашылады.

— Цифрлық теңге платформасының операторымен жасалған шарттың негізінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, орталық депозитарий, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі айқындаған көрсетілетін төлем қызметтерін өзге де берушілер мен заңды тұлғалар цифрлық теңге платформасына қатысушылар бола алады, — делінген заңда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: