Жексенбі, 06 қазан, 03:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Құрметім саған мәңгілік, Ауғанда болған ардагер

16.02.2021

7168 0

Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толып отыр. Осыған орай «Тағзым» алаңында Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен еске алу жиыны өткізілді.

Тарих жылнамасында қасіретті кезеңімен есте қалған осы бір жылдар біздің батыр жүректі ерлеріміздің есінде мәңгі қалмақ. Ерлеріміздің жанқиярлық ерліктерін ұрпақ жадында жаңғырту бүгінгі күннің парызы саналмақ. Он жылға ұласқан сұрапыл соғыста Сыр өңірінен барған ағалар қатары бүгінде сиреп келеді. Сол бір зұлмат соғыс даласынан бірі мүгедек болып елге оралды. Бірі із-түзсіз жоғалғандар қатарына енді.


– Бұл – тарихи тағдырлы күн. Талай жүректе сыз, көңілде мұңды із қалдырған кез. Майдан даласында қазақ жастарының өршіл рухын көрсетіп, ерлікпен танылған қаншама ер болды. Олардың әрбірін ардақтап, өмір жолдарын өнеге тұтуымыз керек. Елге оралғандары туған жерін түлетуде де аянбай еңбек етті. Сіздердің ерліктеріңіз біздің мәңгі жүрегімізде сақталады. Егемен еліміз татулықтың тал бесігінде тербеліп, қарышты дами берсін, – дейді қала әкімінің орынбасары А.Есжанов.

Жиын барысында «Тағзым» алаңына облыс және қала әкімі мен қалалық арда¬герлер кеңесінің ықылас гүлдері қойылып, шейіт болған боздақтар рухына арнап құран бағышталды.
– Ауған ардагерлерін ардақтап еске алу шарасы жыл сайын дәстүрге айналып келеді. Біз ол кездері өрімдей жас жігіт едік. Бойымызда бұлқынған өршіл рух еңсемізді төмен түсірген жоқ. Қайда жүр¬сек те қазақ екенімізді таныттық. 1979-1989 жылдары жүргізілген соғыс даласына 800-ден астам қызылордалық қатысты. Соның ішінде 18-і сол жақта қайтыс болды. 30-дан астамы әртүрлі жарақат алып, елге мүгедек болып оралды. Сондай-ақ, 200-дей азамат орден-медальдармен марапатталды. Кеңес Одағының Батыры атанған азаматтар бар. Біз олардың есімдерін ешқашан ұмытпаймыз. Сондықтан соғыс кезінде шейіт болған бауырларымызды қаһарман деп айтуымызға негіз бар. Ардагерлерімізге көңіл бөліп, құрмет көрсетіп жатқан ел басшылығына үлкен алғыс айтамыз, – дейді «Ерлік» үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Қайраддин Баймаханов.


Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: